Вторник, 12 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғам«Қызыл» аймақ: Көкшетауда екі үйлену тойы тоқтатылды

«Қызыл» аймақ: Көкшетауда екі үйлену тойы тоқтатылды

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңір коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта орналасқанына қарамастан тұрғындар тарапынан карантиндік талаптардың бұзылуына жол берілуде.

Өткен тәулікте мониторингтік топ Көкшетау қаласындағы «Рубин» мейрамханасында 60 адамның қатасуымен өтіп жатқан үйлену тойының үстінен түсті. Ал, екінші үйлену тойы «Аристократ» мейрамханасында ұйымдастырылған. Мұндағы тойға 50 адам қатысқан. Карантин талаптарын бұзушыларға қатысты материалдар Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Жалпы жыл басынан бері өңірдегі мониторингтік топтар карантин талаптарын сақтау бойынша әртүрлі меншіктегі 26397 нысанды тексерді. Оның ішінде 569 нысанда карантин талаптары бұзылғандығы анықталды. 604 әкімшілік айыппұл салынса, оның ішінде жалпы сомасы 80 миллион 429 мың 860 теңге құрайтын 588-і қаралды. Соттарға қарау үшін 14 материал жолданды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету мемлекеттік органдардың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы...

Ақмола облысында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне 2024 – 2025 оқу жылдарына іріктеу аяқталды

Ақмола облысында мемлекеттік қызметке талантты, сауатты, білімді, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту үшін Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Оның мақсаты жастарға мемлекеттік органдарда...