Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегі«Алтын қазына» облыстық көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды

«Алтын қазына» облыстық көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылғы 7 сәуірінде Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» Бурабай ауданы білім бөлімі жанындағы «Балалар өнер мектебімен» біріге отыра «Алтын қазына» облыстық көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-байқауын өткізді.

Шараның мақсаты білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаларын әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Байқауға 14 аудан (Астрахан, Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Целиноград, Қорғалжын, Сандықтау, Шортанды) мен 2 қаладан (Көкшетау, Степногорск) барлығы 138 білім алушы қатысты. Олар: тоқыма бұйымдарын дайындау, ағашты, сүйекті, теріні, шыныны, металлды көркемдеп өңдеу және тағы басқа барлығы 7 номинация бойынша өнер көрсетті.

Балалардың жұмыстары жасалуының сан алуандылығымен және композициялық тәсілдерінің ерекшелігімен көзге түсті. Байқауға тегіс жұмыстармен қатар, көлемді-ауқымды шығармашылық жұмыстар ұсынылды.

Қазылар алқасының құрамында:
Амиржанова Анара Орынбаевна – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы; Захай Бибигүл — Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, магистр; Корнева Ольга Сергеевна – азаматтық қорғаныс көпсалалы жоғары колледжінің педагогикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, «Мәдениет қайраткері»; Бейсенбаева Гульбану Асанқызы — Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің сызу және бейнелеу өнері оқытушысы; Балгужина Мaрия Карангуровна – Щучинск қаласы, балалар өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Кенжебек Аружан Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылындағы «Жас Шабыт» балалар шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі.

Осы байқауда ол «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясында 1 орынды иеленді.

«Өз жұмысымда ұлттық қазақ киімінің даралығын сақтай отырып, ойымдағыдай заманауи жасадым. Қол өнерге деген махаббатымен, сырларымен бөліскен жетекшім Штальк Евгения Владимировнаға алғысым шексіз» — дейді Аружан.

Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...