Воскресенье, 3 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысында құрылыс саласындағы жемқорлық мәселесі талқыланды

Ақмола облысында құрылыс саласындағы жемқорлық мәселесі талқыланды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде онлайн режимінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінің «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, сондай-ақ «Еңбек-Көкшетау» филиалының басшылығымен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мәселелері қаралды.

Кездесу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы қатысушыларды құрылыс саласындағы бюджеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну туралы хабардар етті.

Сыбайлас жемқорлықты жасауға басшылық тарапынан тиісті емес бақылау, кәсіпорындар арасында тиісті әкімшілік өзара іс-қимылдың болмауы, жоғары тұрған ұйым тарапынан қаржылық және материалдық-техникалық қолдаудың болмауы ықпал етті.

Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев кездесу қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді түсіндірді.

«Өкінішке орай, «Еңбек» кәсіпорны филиалдарының басшы лауазымды тұлғаларын сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері бірнеше рет орын алған. Олар негізінен бюджет қаражатын ұрлаумен және ұтымсыз пайдаланумен байланысты. Бұл тұрғыда басшылар бағынышты қызметкерлердің қызметіне тиісті бақылауды, сондай — ақ кәсіпорындар бюджетінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуі қажет», — деп атап өтті Мұрат Төлеубаев өз сөзінде.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету мемлекеттік органдардың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы...

Ақмола облысында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне 2024 – 2025 оқу жылдарына іріктеу аяқталды

Ақмола облысында мемлекеттік қызметке талантты, сауатты, білімді, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту үшін Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Оның мақсаты жастарға мемлекеттік органдарда...

Ақмола облысында мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізді. Талдаумен Ақмола облысының мемлекеттік қызмет жүйесінде мүгедектігі...