Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАлтын ғұмыр – асуы

Алтын ғұмыр – асуы

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық сотының судьясы Дана Аусаққызы Мұқашеваны
мерейтоймен құттықтаймыз!

Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көздер бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет пен адами тұлға. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар осындай адамгершілік асқақ қасиеттерге ие болған жан, білікті судья, сыйлы әріптес, адал дос, аяулы ана Дана Аусаққызы деп айтуға болады.

Мұқашева Дана Аусаққызы бұрынғы Целиноград облысы Алексеев ауданы Барап ауылында 1961 жылы 11 қарашасында дүниеге келген. 1987 жылы Қарағанды мемлекеттік жоғарғы оқу орнын заңгер мамандығы бойынша бітіріп, осы мамандық бойынша өмірінің 27 жылында сот саласынды қажырлы еңбек жасап, оның 22 жылын Ақмола облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы болып, осы сот саласындағы ер азаматтармен иық тіресе жүріп ауыр да күрделі, жауапкершілікті талап ететін қылмыстық процестерді әділ жүргізіп, өзінің қабілеттілігінің жоғары екендігін және ұлтымыздың қайсар қыздарының бар екендігін көрсете білді.

Осы адал еңбегінің арқасында Дана Аусаққызы Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен, «Судьялар одағының құрметті мүшесі» белгісімен, мерекелік медальдармен, көптеген Құрмет грамоталармен марапатталды.

Мұқашева Дана Аусаққызын – асқаралы 60 жасқа толу мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт, қартаймас жайдары көңіл, мәнді де мағыналы өмір, көңіліңіз шаттық пен қуанышқа, жанұяңыз бақ пен берекеге толсын дептілейміз.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...