Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарAMANAT«AMANAT» партиясының өкілдері халықпен кездесуде

«AMANAT» партиясының өкілдері халықпен кездесуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Елордасы Нұр-Сұлтанның маңайында орналасқан Целиноград ауданының елдімекен тұрғындарын алаңдатып отырған мәселелерді шешуде іс-әрекетті үйлестірудің маңызы зор. «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы шалғай елдімекен халқымен жүздесіп, ауылдың түйткілдерін білу мақсатымен Целиноград ауданының Тасты ауылдық округіне ат басын тіреді.

Аудан орталығы Ақмолдан 100 шақырымнан аса жерде орналасқан Тасты ауылдық округіне 3 ауыл кіреді. Ауылға кіреберістен-ақ, көшелерінің тазалығы көзге бірден түсті. Яғни, ауылда тәртіп бар. Халқының да ауызбірлігі бар екен. Бұл ауыл әкімі Ержан Сабыровтың іскерлігін көрсетеді. Бір жарым жылғы қызметі барысында жергілікті кәсіпкерлермен тіл табыса отырып, ауылда жаңадан ФАП-тың салынуына ықпал еткен. Жергілікті қауымдастықпен ақылдаса отырып, бюджеттің төртінші деңгейінен түскен қаржыға ауылдағы тәртіпті күшейту үшін көшелерге бейнебақылау камераларын орнатқан. Десе де, ауылдық округте шешілмеген мәселелер  баршылық. Бұл туралы жергілікті қауымдастықтың төрағасы Алтыбай Балмағамбетов айтып берді.

«АMANAT» партиясы келгенін естіп, көрші Ақмешіт ауылынан келіп тұрмыз. Біздің ауылда мектеп салынбай жатыр. Мектебіміз ескі, спортзалы мен мәжіліс залы жоқ. Клуб жұмыс істемейді. Осындай  мәселелер көп ауылымызда. «АMANAT» партиясы осы мәселелердің оң шешілуіне ықпал етеді деп сенеміз. Біздің өтінішімізді жоғарыға жеткізіп, халық қалаулылары бұл бағытта жұмыс жасайды деп сеніп отырмыз», деді жергілікті қауымдастықтың төрағасы Алтыбай Балмағамбетов.

Халық қалаулылары қолдарынан келетін мәселелерді барынша шешіп беруге тырысып-ақ бағуда. Мәселен, облыстық мәслихат депутаты Сайра Әйтенова Тастақ ауылында ашылғалы тұрған ауыл клубына жиһаз бен теннис үстелін сыйлайтын болды. Ал, өзекті деген мәселелерді облыстық деңгейде оң шешілуіне барынша ықпал етпекші.

«Бүгін біз Тасты, Тастақ, Ақмешіт тұрғындарымен кездестік. Бүгінгі таңда көтерілген мәселелер өте көп. Мәселен, ауыз су мен мәдени демалыс орындары, мектебінде жағдай жасалмаған ауылдардан халық көшіп жатыр. Осыны болдырмас үшін біз жағдай жасауымыз керек. Ауылдарда жұмыс бар, тех халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуымыз керек. Біз ауыз су, жол, мектеп пен мәдениет үйі  сияқты өзекті мәселелердің барлығын облыстық деңгейде көтеріп, мәселені барынша шешуге тырысатын боламыз», — облыстық мәслихат депутаты Сайра Әйтенова.

Ал, ауыл азаматы Сәрсенгелді Ермұхамбетов елдімекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жүйесі салынғанын қалап, партиялықтардан қолдау сұрады.

«AMANAT» партиясы ауыл-ауылдарды аралап, халықтың біраз мәселелерін шешіп жатқанынан хабардармын. Біздің ауылға келгенін естіп қуанып қалдық. Енді біздің сұрайтынымыз, үздіксіз таза ауыз сумен қамтылу. Суымыз бар. Тек орталықтандырылған ауыз сумен қамту жүйесінің салынуына қолдау білдірсе дейміз», — деді ауыл тұрғыны Сәрсенгелді Ермұхамбетов.

Ауылдықтардың алға тартқан өтініштері орынды-ақ. Сондықтан партия мәселенің оң шешілуін тездетуге ат салыспақ. Ауылдықтарды сондай-ақ, Тасты ауылының ішкі жолдарын жөндеу мәселесі алаңдатуда.

 «Ауылымыздың ішкі көше жолдары жөнделсе екен. Соған партиялықтар ықпал етіп, мәселені көтеріп, оң шешілуіне өз ықпалын тигізсе деген өтінішпен келіп тұрмын», — ауыл тұрғыны Ғалия Баттакова.

Мобильді қоғамдық қабылдау барысында ауылдықтарға жақын арада атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Жалпы, қабылдауға келгендерді жастарға арналған спорттық инфрақұрылымның жоқтығы, ауылдық клубқа жөндеу жүргізу, Тастақ ауылында мектеп салу мен аудан орталығына апаратын жолды жөндеуден өткізу сияқты сұрақтар  мазалайтыны анықталды. Жол демекші, аудан орталығымен байланыстыратын жолды қиыршық тас тасымалдайтын ауыр жүк көліктері әбден бүлдірген.

Алайда, карьер иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезінуге әлі асықпайтын сыңайлы. Десе де, ауыл әкімі бүгінде карьер иелерімен сөйлесіп, олармен өзара келәсімге келу арқылы бұл мәселені оңтайлы шешуді жоспарлауда.

«Халықтың барлық сұрақтары сараланып, топтастырылып, жауапты мекемелер белгіленеді де, нақты орындалу мерзімі анықталатын болады»,-деп түйіндеді партияның облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақманат Әлімбетова.

Ауыл халқының айтқан өтініштерінің оң шешілуі партияның бақылауында болады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...