Сенбі, Шілде 27, 2024
21.2 C
Kokshetau
25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
ЖаңалықтарЭкономикаАраб компаниясы Көкшетауға инвестиция салуға мүдделі

Араб компаниясы Көкшетауға инвестиция салуға мүдделі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Метито» араб компаниясының өкілдерімен кездесіп, Көкшетау қаласында кәріздік тазарту құрылыстарын салу мәселелерін талқылады.

Аймақ басшысы компания өкілдеріне келгендері үшін алғыс айта отырып, инвестициялық жобаның өзектілігін атап өтті.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында облыста кезең-кезеңімен жаңа құрылыстар мен қолданыстағы құрылымдарды реконструкциялау жоспарлануда. Бірінші кезеңде бұл жұмыс облыс орталығы – Көкшетау қаласына қатысты болады, – деді Марат Ахметжанов.

Өз кезегінде «Метито» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Адиба М.Амин ағынды суларды тазарту қондырғысының құрылысы елімізде алғаш рет жүзеге асырылатынын атап өтті.

– Бұл келісім форматы біз үшін бірінші және пилоттық болып табылады. Құрылыс кезінде заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеміз. Бүгінгі таңда негізгі міндет – өндірістік қажеттіліктерге жарамды тазартылған су түрінде түпкілікті нәтижеге қол жеткізу, – деді компания өкілі.

Сондай-ақ кездесуде қатысушылар ұйымдастыру-техникалық мәселелерді талқылады. Сонымен бірге, меймандар Көкшетау қаласының кәріздік тазарту құрылыстарында болды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...