Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Қасиетті домбыра» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Қасиетті домбыра» байқауының жеңімпаздары анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы білім басқармасы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ және «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығымен бірлесе «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында домбыра күніне арналған облыстық «Қасиетті домбыра» сырттай байқауын өткізді.

Байқау қазақтың өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттауға, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табуға және қолдауға бағытталған.

Байқауға Ақкөл, Астрахан, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Есіл, Ерейментау, Целиноград, Қорғалжын аудандарынан, Степногорск, Көкшетау қалалары және облыстық мектеп-интернат оқушыларымен қоса алғанда жалпы саны 45 оқушы қатысты.

Қазылар алқасының құрамында Біржан сал атындағы музыкалық колледж директоры Мұхамедияр Саян Болатұлы, Сарсенбай Шыңғыс Кенжеғалиұлы және Мұқышева Жұлдыз Маратқызы.

Байқау «Үздік күйші», «Үздік дәстүрлі әнші», «Үздік термеші» үш номинациядан екі жас санаты бойынша өткізілді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша:
«Үздік күйші» номинациясының жеңімпазы — Серікбаев Мадияр, Ақкөл ауданы;
«Үздік дәстүрлі әнші» номинациясының жеңімпазы -Қабиденов Дидар, Степногорск қаласы;

«Үздік термеші» номинациясының жеңімпазы — Қазымбек Ұлан, Жақсы ауданы.
Әділ қазы алқасының шешімі бойынша қосымша номинация иегерлері анықталды.

Олар: «Шабыт» номинациясының Тұрсанхан Арсен, Зеренді ауданы;
«Жігер» номинациясының Алпысбаева Жанерке, Аршалы ауданы;
«Өрлеу» номинациясының Жабай Жанбота, Степногорск қаласы, «Болашақ» ДБАОММИ №4;

Жеңімпаздар бағалы сыйлық және дипломмен марапатталды. Барлық қатысушыларға сыйға сертификат таратылды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...