Среда, 9 октября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерАтбасарАтбасар стансасынан Маңғыстауға мал азығы жөнелтілді

Атбасар стансасынан Маңғыстауға мал азығы жөнелтілді

Көп түкірсе-көл, демекші еліміздің батыс аймағындағы куаншылық мал басының күрт төмендеуіне әкелмеуі үшін түрлі шаралар жасалуда екенін басылымдар мен телехабарлардан білудеміз.

Оңтүстік өңірінің азаматтары Құрмет пен Азамат жаз айларының келуімен батысқа мал азығын жіберуді қолға алған болатын. Осындай бастаманы қолдай отырып Атбасар қаласының «Ляззат Констракшн» ЖШС-нің директоры Ляззат Данақызы Күлбаева барлық ұйымдастыру мәселелерін өзінің қолына ала отырып жеткілікті қаражат бөлді.

Көрші Қостанай облысы Әулиекөл ауылы азаматтарының күшімен 15300 тонна немесе 1020 орама шөпті екі КамАЗ-ға тиеп, ҚТЖ Ақмола бөлімшесінің Атбасар станциясына жеткізді. Қуаншылық болған өңірге арналған шөпті 2 вагонға тиеп осы жылдың 30 шілдесінде жөнелтті.

Бұл игі істі жүзеге асыру барысында «Ляззат Констракшн» ЖШС қызметкері Әділхан Әмірсейітов үлкен азаматтық танытып, мал азығын Торғай өңірінен жинап теруді ұйымдастырып, Атбасарға екі үлкен жүк көлігімен жеткізуді ұйымдастырды. Атбасар станциясының басшылығы келген шөпті тиісті орнына жөнелту үшін 2 вагон бөліп, сонымен бірге қаржылық жеңілдіктер жасап, тиісті құжаттарын ресімдеуде қолдау көрсетті. Осы жерде істің басы қасында Атбасар станциясы бастығының міндетін атқарушы Ескендір Ізбасаров болып, өзінің үлесін қосты. Атбасар ауданының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрайымы Роза Тасмағамбетова келіп қолдау көрсетті.

Осы ізгі ниеттегі істі басынан аяғына дейін жеткізу үшін 1 миллион 300 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат ЖШС «Ляззат Констракшн» есебінен бөлінді. Ал аса құнды жүк – мал азығы 3 күнде батыс аймағына жеткізіледі деп сендірді теміржолшылар.

Халқымыздың ұл-қыздарының жомарттығына, қолының ашықтығына, қысылтаяңда шетте қалмай игі іске кірісіп кеткеніне қалай сүйсінбейсің!

Өмірсерік ШАЙХИН.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Бәкенұлы Жапаев Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін,...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 154 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)...

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылды

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылып,  ағаштарының есебі жүргізіліп жатыр. Табиғи парктің экологиялық миссиясы аясында осы маусымның негізгі...

Азаматқа бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді

«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту...

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...