Пятница, 29 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАвтожолдарды қысқы күтіп-ұстау бақылауда

Автожолдарды қысқы күтіп-ұстау бақылауда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Автомобиль жолдарын қысқы ұстау бақылауда. Биыл өңірде алғаш рет көктайғайққа қарсы және инерттік материалдардың сынақтары өткізілді. Жалпы, «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК филиалының мамандары қысқы кезеңде автожолдарды күтіп ұстаудың барлық бағыттары бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асырады. Жолшылар автожолдарды қысқы күтіп ұстау сапасын бақылайды, проблемалық учаскелерге шығулар, жолдарды күзгі тексеруді жүргізеді.

Өткен демалыс күндері өңір аумағында ауа райы жағдайы нашарлап, жауын-шашын, қатты жел, көктайғақ құбылыстары орын алды. Сондықтан филиал мамандары облыстың автожолдарындағы жол мен жол жабынының жағдайын бақылау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Жыл басынан бері республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелеріне тексерістік шығу жүргізді. Жол жабынын қардан мен мұздан тазарту жұмыстарын жүргізу сапасы, жол белгілерінің жай-күйі, тайғаққа қарсы материалдарды себу және басқа параметрлері тексерілді.

«Автожолдардың қалын қар басатын учаскелері, жол жиектері тексерілді. Өйткені дәл қыс мезгілінде жол жамылғысында ақаулар пайда болуы мүмкін, бұл жол қозғалысының қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Тексеру кезінде доңғалақты арқалықтың қармен бітелгені, жол белгісі деформацияланғаны, жол белгісі болмағаны анықталды. Барлық ескертулер тіркеліп, нұсқамалар қысқа мерзімде жойылуы үшін жауапты жол ұйымына жіберіледі», — деп түсіндірді филиал инженері Жанат Салықов.

Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың сапасын бақылау және қысқы күтіп ұстау талаптарының сақталуы бойынша іс-шаралар жалғастырылатын болады. Жолшылар аймақ тұрғындары мен жүргізушілерге ауа-райы нашарлаған, қалың қар жауған, тұман мен көктайғақ кезінде алыс сапарлаға және шұғыл қажеттіліксіз елді мекендерден тыс жерлерге шықпау жөн екенің еске салады.

«Автожолдарда жүрген кезде ауа райы жағдайлары мен жол жабынының жағдайын ескере отырып, жол қозғалысының барлық ережелерін сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ, сапар алдында сіздің автомобиль және оның аспаптары дұрыс жұмыс істейтінің тексеріп алу қажет. Бұл жол қауіпсіздігіне де әсер етеді. Бірақ ауа-райы нашар болған кезде автомобиль жолдарында жүруден аулақ болған жөн. Жолдарда абай болуларыңызды сұраймыз», — деп шақырды Жанат Салықов.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...