Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліиметінше, өңірде «Мигрант» жедел – профилактикалық іс-шарасы өтуде. Ауқымды іс-шараны өткізуге департаменттің барлық бөлімшелерінен 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды, 92 мобильдік топ құрылды.
Акция барысында, яғни ақпанның 20-да Целиноград ауданының аумағында Өзбекстан Республикасының екі азаматының көші-қон заңнамасын бұзу дерегі анықталды. Шетел азаматтары Қазақстан аумағына ағымдағы жылдың қаңтар айында келген және қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес 30 тәулік ішінде уақытша тұруды рәсімдеуге не ҚР шегінен тыс жерлерге шығуға тиіс болды. Целиноград аудандық соты шетелдіктерді шығарып жіберу туралы шешім қабылдады.
«Мигрантты» пысықтаудың алғашқы күні ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ТМД елдерінің 28 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушы шетелдіктерге тұрғын үй бергені және келген шетелдіктер туралы ІІО–ны уақтылы хабардар етпегені үшін 19 ҚР азаматы жауапқа тартылды.
Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді заңсыз тартудың 7 дерегі анықталды. Ақкөл, Бурабай, Есіл, Целиноград аудандарының және Қосшы, Көкшетау қалаларының тұрғындары жауапқа тартылды.
«Мигрант» 28 ақпанға дейін жалғасады.