Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыҚазақстан халқы бірлігі мерекесі Ақмола облысының барлық өңірінде аталып өтілуде

Қазақстан халқы бірлігі мерекесі Ақмола облысының барлық өңірінде аталып өтілуде

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Ақмола облысында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар эстафетасы жалғасын табуда. Көкшетау қаласының орталық алаңында тұрғындар назарына үздік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Жаса, гүлденген Қазақстан» мерекелік бағдарламасы ұсынылды және «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға жиналғандарды құттықтаған аймақ басшысы Ермек Маржықпаев өз сөзінде елдің дамуына халықтың бірлігі, достығы мен келісімі арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

«1-ші Мамыр мерекесі – бұл барлық қазақстандықтар үшін тамаша және айтулы мереке. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде елімізде достық пен ынтымақтастық, өзара құрмет пен сенімділік құндылықтары қалыптасты. Біз бұл мерекені жаңа саяси реформаларды жүзеге асыру жағдайында атап өтіп отырмыз. Сіздер мен біздің міндеттеріміздің бірі-ол осы құндылықтарды сақтау, арттыру және келер ұрпаққа жеткізу. Сонда ғана біз жаңа Қазақстанды құра аламыз», – деп атап облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Мерекелік іс-шара барысында еліміздің дамуына үлес қосқан бірқатар ақмолалық Алғыс хатпен марапатталды. Олардың арасында өңірде қазақ тілінің дамуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері де бар. Соның бірі –Сәкен Жүнісова атындағы Көкшетау қалалық №18 мектеп-лицейінің қазақ тілі мұғалімі Карина Роот өзінің қуанышымен білісті.

«Бірінші мамыр-біздің жерімізде ежелден келе жатқан өзара құрмет пен сенімнің құндылықтарын бейнелейтін ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі. Мен үшін бұл мереке жүрегімде ерекше орын алады», – деді Карина Роот.

Мерекелік шара облыстың барлық қаласы мен аудан орталықтарында ұйымдастырылды.

Айталық, осы күні облыс аумағында барлығы 100-ге жуық этнос өкілдері бейбіт өмір кешуде.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...