spot_img
spot_img
8.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында «Worldskills Аqmola-2022» өңірлік чемпионаты аяқталды

Ақмола облысында «Worldskills Аqmola-2022» өңірлік чемпионаты аяқталды

-Жарнама -spot_img

«BOLASHAQ SARAIY» балалар мен жасөспірімдер сарайында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтың қатысуымен «WorldSkills Aqmola-2022» өнірлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жынға өңірдің ең ауқымды «жұмысшы қол олимпиадасының» жеңімпаздары жиналды.

Құттықтау сөзінде Бейбіт Айтымұлы техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға басымдық берілетінін атап өтті. Оқу жылының басынан бастап кәсіпорындардың өтінімдері бойынша мақсатты мемлекеттік тапсырысты енгізу кадр даярлаудағы жаңашылдық болмақ. Бұл бастама студенттерге оқуға түскен кезде жұмыс орнын және дуальді оқыту бойынша тәжірибе өтетін базасын анықтап алуға мүмкіндік береді, ал кәсіпорындар «дайын» маман ала алады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокпен, түрлі дәрежедегі дипломмен, медальдармен және ақшалай сертитификаттармен марапатталды. 59 қатысушы алтын медаль, 18 қатысушы күміс медаль, 18 қатысушы қола медаль иегерлері атанды.

Жеңімпаздар «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатында Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында 4-22 сәуір аралығында «WorldSkills Aqmola-2022» өңірлік чемпионаты өтті. Онда дәнекерлеуші, аспаз, токарь, шаштараз, слесарь, дизайнер, құрылысшы, IT тәрізді көптеген мамандықтар өз шеберліктерін көрсетті.

Жарыс Ақмола облысының 13 колледжінің алаңында өтті. Өңірлік чемпионатқа 66 құзыреттілік бойынша 300-ден астам үміткер қатысты.

Биылғы жылы кәсіби шеберлік байқауының қатысушылары 66 құзыреттілік бойынша жарысты. Алғаш рет «Сәнді киімдер мен аксессуарлардың дизайны», «Еден жабындарын төсеу», «Экскаваторды басқару» құзыреттіліктері ұсынылды.

Байқауға қатысушылардың жұмысын облысымыздың өндірістік кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, яғни 150-ден астам сарапшы бағалады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img