Сәрсенбі, Мамыр 22, 2024
10.3 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыҚазақстан әлемде интернет ең арзан елдердің ТОП 10 қатарына кіреді

Қазақстан әлемде интернет ең арзан елдердің ТОП 10 қатарына кіреді

Қазақстан интернетке көшу мен цифрландырудың жоғары қарқынымен ерекшеленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, 6 және одан жоғары жастағы қазақстандықтардың цифрлық сауаттылық деңгейі 2021 жылы жалпы халықтың 85,3%-ын құрады. Бұл еліміздегі әрбір бес тұтынушының төртеуі дербес компьютер, смартфон, планшет, ноутбукты пайдалануға дағдыланғанын, сондай-ақ стандартты бағдарламаларды пайдаланып және Интернет арқылы қызмет ала алатынын танытып отыр.

Бұл ретте үй шаруашылықтарын ұялы телефондармен қамтамасыз ету қазірдің өзінде 99,4%-ды құрап отыр. Бұл ретте республикада мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен көрсеткішке ие. Осылайша, 2022 жылға арналған Интернетке қолжетімділік индексінің соңғы рейтингіне сәйкес Қазақстан интернеттің ең төмен тарифтері бойынша 8-орынға ие болды. Қазақстандықтар 1 ГБ мобильді интернет үшін небәрі $0,8 төлейді.

Оның үстіне Қазақстанда тарифтер құны төмендеп барады: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 0,9 АҚШ долларын құраған. Салыстырмалы түрде, көршілес Өзбекстанда айына 1 ГБ үшін 1,3 АҚШ доллары, Тәжікстанда – 3,5 АҚШ доллар төленсе, интернет тарифі 17,5 долларға жеткен Түрікменстан Африка елдері және арал мемлекеттерімен бірге аутсайдерлер қатарына кірді.

Мобильді интернеті қолжетімді елдер ондығына Қазақстаннан басқа Ресей, Қырғызстан және Беларусь кірді. Сарапшылардың пайымынша Қазақстандағы мобильді интернетпен қамтудың жоғары деңгейі – 96% құрайды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты. «Н» азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан...

Жоғалған 15 жасар ақмолалық жасөспірім аман табылды

Биылғы жылдың 20 мамырында Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен аудан тұрғыны жүгінді. Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10.00 шамасында,...

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

2024 жылдың 19 мамырында Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатқан Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси мінген тікұшақ...

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Руфат Бауыржанұлы еңбек...

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...