Воскресенье, 15 сентября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыҚазақстан мектептерінде педагог-ассистент қызметі енгізілді

Қазақстан мектептерінде педагог-ассистент қызметі енгізілді

Қазақстан мектептерінде педагог-ассистент қызметі енгізілді. Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар балалардың мектепке тез үйреніп кетуіне көмектеседі.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым мнистрлігінің баспаөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті.

Айта кетейік, ҚР БҒМ-мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы жағдай жасау барысында жұмыс атқарылып жатыр.

«Бұл мұғалімді алмастыру деген сөз емес. Педагог-ассистенттердің алдында педагогика мен психология тоғысында ерекше мақсат-міндеттер қойылған. Атап айтсақ, балаларды бағыттау, олардың оқу процесіне бейімделулеріне көмектесу. Әңгіме ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы болғандықтан, педагог-ассистент техникалық қолдау да көрсете алады. Мәселен, егер бала өз бетінше қозғала алмаса. Немесе егер балаға дефектологтың көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау қажет. Біз бұл жұмыста белсенділік танытып жүрген үкіметтік емес ұйымдарға ризашылығымызды білдіреміз», — деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Бұдан басқа, педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламалары білім алушылардың қажеттіліктеріне бейімделеді. Олар өткен материалды игеруге ғана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар баланың дағдыларын дамыту динамикасын бақылауға көмектеседі.

Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлардың сақталуын қадағалайды. «Министрлік педагог-ассистенттерді басқа да білім беру ұйымдарына қосу, сондай-ақ олардың жұмыс жүктемесін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр»,-делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинск қаласында 12 жастағы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлады

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, терезеден құлаған қыз ауруханаға жатқызылған. «Бурабай ауданының полиция бөлімі оқиғаның ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Щучинск қаласында болғанын хабарлайды. Алдын-ала...

«IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушылары үшін адалдық сағаты өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында «IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушыларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында облыстық...

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғайды

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты...

Ақкөл ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылады

Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба жүзеге асырылуда – құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 900 басқа арналған жаңа тауарлы сүт ферманың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта...

«Көшпенділер әлемі» этноауылының салтанатты ашылуы өтті

Күні бойы Ақмола облысының мәдени бағдарламасы ұсынылады. Салтанатты шеруде бірліктің нышанына айналған "Тайқазанға" Ақмола облысының делегациясы қатысты, оның құрамында еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, спортшылар,...