Четверг, 13 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚазақстанҚазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған кәсіптер атласы әзірленді

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған кәсіптер атласы әзірленді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мүгедектігі бар адамдарды (бұданәрі – МБА) жұмысқа орналастыру процесіне жәрдемдесу мақсатында «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын кәсіптер мен мамандықтардың атласы» (бұдан әрі – Атлас) әзірленді. Ол халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері, мүгедектігі бар адамдар мен олардың ресми өкілдерінің пайдалануына, сондай-ақ Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) жұмыс іздеуді жетілдіруге арналған.

Атластың көрсетілімі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) өтті. Вице-министр Ерлан Әукеновтің төрағалығымен өткен іс-шараға онлайн режимде өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, Еңбекмині Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және көші-қонкомитетінің аумақтық департаменттерінің, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының, БҰҰДБ, «Атамекен» ҰКП өкілдері, мүгедектігі бар адамдар қатысты.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 695 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 419,8 мыңы еңбекке қабілетті жаста (60%). Олардың 106 мыңнан астамы жұмыс істейді.

I топтағы мүгедектігі бар адамдардың және еңбекке қабілеттілігінен айырылу көрсеткіштері бар мүгедектігі бар адамдардың 60-100% жағдайларда жұмысқа орналасу мүмкіндігі өте төмен, сондай-ақ көріну дәрежесі бойынша ең ауыр аурулары болатынын атап өткен маңызды.

Басқаша айтқанда, Қазақстан бойынша 230 мыңға жуық МБА организм функцияларының айқын бұзылуына, арнайы еңбек жағдайларын жасау қажеттілігіне немесе кәсіптік қызметтің кезкелген түрін орындау үшін толық қарсы көрсетілімнің болуына байланысты жұмысқа орналастыру мәселесінде барынша қиындықтарға тап болады.

«Мүгедектігі бар адамдар үшін ұсынылатын мамандықтардың атласы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында әзірленді. Бұл анықтамалық мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде, оның ішінде электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс іздеуді жетілдіру үшін пайдаланылатын болады. Ұсынылатын мамандықтар ҚР Ұлттық кәсіптер сыныптауышына негізделген. 12 мыңнан астам мамандық зерттелді, нәтижесінде мүгедектіктің I тобына 2,5 мыңға жуық мамандық ұсынылды, II және III топтарға жеке — жеке 7 мыңға жуық мамандық ұсынылды», – деп атап өтті Ерлан Әукенов.

Атласта 16 мыңнан астам ұсынылған мамандық бар, олардың 7 мыңы бірегей болып табылады. Бұл онлайн режиміне ауысуға байланысты жаңа серпін алған оқыту және жаттықтырушы сияқты бұрыннан қалыптасқан мамандықтар және интернет арқылы сату, SMM және жүйелік басқару және т. б. сияқты салыстырмалы түрде алып қарағанда жаңа мамандықтар.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...