spot_img
- Жарнама -spot_img
18.4 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіКөкшетаулық оқушы Халықаралық математикалық олимпиадаларында үздік нәтиже көрсетті

Көкшетаулық оқушы Халықаралық математикалық олимпиадаларында үздік нәтиже көрсетті

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы наурыздың 9-10 аралығында онлайн режимде 33-ші Халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы және 20-шы «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасы өтті.

Аталған зияткерлік олимпиадаларды өткізудің негізгі идеясы-математика ғылымдары саласында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, сондай-ақ қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту.

Оған Қазақстаннан барлығы 150 оқушы қатысты. Оның ішінде Ақмола облысының намысын Көкшетау қаласындағы «Білім – инновация» лицей – интернатының оқушылары  Мират Хамитов, Әлихан Мұқашев, Дидар Даулетбай, Әділхан Алпысбай, Арслан Даминов және Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандырылған мектеп-интернатының оқушысы  Дидар Қабылбек қорғады.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Білім – инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы Арслан Даминов 33-ші Халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасында үшінші орын және 20-шы «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасында екінші орын алды.

Айта кетейік, түрлі деңгейдегі білім беру жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы Арслан Даминов Қазақстан-Британ техникалық университеті грантының иегері.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img