Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
8.2 C
Kokshetau
9 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыҚазақстандықтардан саусақ ізін алу тәртібі қалай өзгерді – Үкімет қаулысы

Қазақстандықтардан саусақ ізін алу тәртібі қалай өзгерді – Үкімет қаулысы

«Ашық НҚА» порталында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасы жариянланды, деп хабарлайды Kazinform. 

Құжат 19 қаңтарға дейін қоғам талқылауында болады. Қаулы жобасында Қазақстан азаматтары жеке куәлік пен паспортты бірінші рет алу үшін, сондай-ақ оны қалпына келтіріп, ауыстыру үшін өтінішпен келгенде Ішкі істер министрлігінің органдары ерікті түрде, яғни өтініш берушінің келісімімен ғана саусақ ізін алатыны айтылған.

Ал Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан саусақ ізі міндетті түрде алынады.

Қазақстан аумағында тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі;

2) туған күні;

3) жынысы;

4) қолдарының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

5) азаматтығы;

6) фотосуреті;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;

8) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;

9) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі;

10) виза, уақытша тұруға рұқсат берілген күні, қолданылу мерзімі;

11) тұрақты тұру жоспарланып отырған жердің мекенжайы;

12) тұрақты тұруға өтінішті қараған органның атауы қосымша енгізіледі.

Көші қон ведомствосының қызметкері Қазақстан азаматын құжаттау рәсімін бастамас бұрын одан дактилоскопиялық тіркеуден өтуге ниеті бар-жоғын сұрайды.

«Егер ол дактилоскопиялық тіркеуден өтуге ниет білдірсе, көші-қон қызметінің қызметкері өтінім қалыптастырады. Қазақстан Республикасының азаматы дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқан кезде көші-қон қызметінің қызметкері құжаттауды жалғастырады. Қазақстан Республикасының азаматы бұрын дактилоскопиялық тіркеуден өткен болса, қызметкер «ЖБС» ААЖ арқылы тексеру жүргізеді», – делінген қаулы жобасында.

Ұсынылып отырған өзгерісте дактилоскопиялауға мүмкіндік бермейтін дене кемістіктерінің қатары да нақтыланған.

Олар:

1) екі қолыңызда барлық саусақтардың немесе қолдың болмауы;

2) дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босату үшін негіз болып табылатын бар сырқаты туралы дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының болуы.

Бұған дейін Мәжіліс саусақ ізін тапсыру міндеті туралы бастаманы заңнан алып тастағанын жазған едік. 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...