Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігіне тұман түседі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.
Түстен кейін Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады.
Тараз қаласында күндіз найзағай ойнайды. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігіне тұман түседі.
Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде Қарағанды облысының солтүстігіне, орталығына тұман түсіп, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Қарағанды қаласында түнде тұман болады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстік-батысына тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстік-батысынан, оңтүстігінен, батысынан, солтүстігінен 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен, облыстың солтүстік-шығысынан жылдамдығы 15-20 м/с жел еседі.
Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде Павлодар облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіне тұман түседі.
Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Түркістан облысының таулы аудандарында күн күркіреп, дауыл болады. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Шымкентте 7 сәуірде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.