Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерШортандыШортанды ауданының тұрғыны жүз жылдығын атап өтті

Шортанды ауданының тұрғыны жүз жылдығын атап өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Шортанды ауданының әкімі Бауыржан Малғаждаров, аудандық мәслихат хатшысы Гүлнұр Сәдуақасова және ардагерлер кеңесінің төрайымы Түкен Қизаева Бектау ауылының тұрғыны  Бәтима Орманбайқызын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

“Ғасыр жасап отырған сіздей ақ жаулықты  әжемізді мерейтойымен құттықтау біз үшін үлкен мәртебе. Сіз үлкен өмір жолынан өттіңіз, көптеген маңызды оқиғалардың куәсі болдыңыз. Сізге зор денсаулық тілеймін, балаларыңыздың, немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің қамқорлығы мен ілтипатына бөленіңіз”, – деді ауданы әкімі Бауыржан Малғаждаров.

Бәтима Орманбайқызы Моңғолиядан келген, бала кезінен жергілікті шаруа қожалығында еңбек еткен, 41 жасында жесір қалған ол 11 баланы тәрбиелеп өсірген.

Мерейтой иесі өз кезегінде өзінің өмірі туралы естеліктерімен бөлісті. Ол өз жанұясын басты жетістік деп санайды. Балалары, немерелері және шөберелері қасында. Қазір қария 31 немере, 120 шөбере және 5 шөпшек сүйіп отыр.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...