spot_img
- Жарнама -spot_img
27.9 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамҚаза тапқан тәртіп сақшысы туралы фильм түсірілді

Қаза тапқан тәртіп сақшысы туралы фильм түсірілді

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Конституция күні қарсаңында Целиноград аудандық полиция бөлімінде қаза тапқан тәртіп сақшысы Жеңіс Күптенов туралы «Түнгі оқиға ізімен» деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

«Полиция лейтенанты 2007 жылы қоғамдық тәртіп, азаматтардың тыныштығы мен бейбітшілігін қорғау жолында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты. Жеке автокөлігімен үйіне қайтып келе жатқан ол Ақмол ауылындағы аялдамада арақ ішіп алған бір топ жастарды сабырға шақырмақшы болады. Алайда, жастар оның сөзіне құлақаспай, керісінше өзіне жабыла кетеді. Артынша, қоғамдық тәртіпті бұзушылар қашып кетеді. Ал, полиция лейтенанты болса аурухана жеткізіледі. Дәрігерлер оның өміріне араша түсуге тырысқанымен, ауыр жарақатынан ол көз жұмады. Оның артында жүкті әйелі мен кішкентай қызы қалды»,  –  деді ведомствоның баспасөз хатшысы Әсем Әбдікәрімова.

Фильм аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына көрсетілді. Қойылымда басты рөлді Целиноград полиция бөлімінің қызметкері аға сержант Аян Нұрманов ойнады. Сонымен бірге, осы филімнің басты кейіпкері Жеңістің туыстары мен жақындары көрді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img