spot_img
- Жарнама -spot_img
13.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамСпортҚажымұқан-150 жыл: ақмолалық атлет таға июден Қазақстан рекортын орнатты

Қажымұқан-150 жыл: ақмолалық атлет таға июден Қазақстан рекортын орнатты

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының мәліметінше, Целиноград ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және қазақ халқының тұңғыш кәсіпқой балуаны, қара күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған шара өтті.

Қажымұқан ауылында өткен шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және Қазақстан спортшылар Одағының төрағасы Азамат Қарлығашев қатысты.

Шарада күш жаттығуынан әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Қазақстанның он екі дүркін рекордшысы ақмолалық Сергей Цырульников әр біреуі 1000 келіден астам салмақты шыдайтын төрт бірдей тағаны 37 секунд ішінде иіп, Қазақстан рекордын орнатты.

Айталық, аталмыш рекорд 2009 жылы Еуропа елінде орнатылды. Онда атлет қос бірдей тағаны 49 секунд ішінде иген болатын.

Бұдан бөлек, шара аясында қазақ күресінен облыстық турнир өтіп жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img