Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБүгінгі заманда білім беру ісін дамытып, реформалап отыру аса қажет

Бүгінгі заманда білім беру ісін дамытып, реформалап отыру аса қажет

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Кеңес Бюросының  кезекті отырысында  Сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылауға алатын 12 қоғамдық кеңестің құрамы мен төрағалары бекітілді. Мен өз салам, білім және ғылымды дамыту бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы болып  сайландым.

Білім – өлшеуі жоқ қазына десек, бүгінгі заманда білім беру ісін дамытып, реформалап отыру аса қажет дер едім. Бүгінде ел жаңарып, қайта жаңғыру басталып жатыр. Материалдық игілік дамып, тұрмыс түзелді. Енді санамызды  жаңғырту керек. Ал саналы азамат ол алдымен білімді азамат. Партияның алдағы бес жылдыққа арналған Сайлауалды бағдарламасында білім беру саласына ерекше назар аударылған. Оның ішінде материалдық техникалық базаның жаңаруы, үш ауысымдық мектептердің санын азайту, бүлдіршіндерді  балабақшамен толық қамтамасыз ету, оқулықтар сапасын жақсарту, ұстаздардың біліктілік деңгейін көтеру сияқты негізгі басымдықтар Сайлауалды бағдарламада көзделген. Бүгінгі таңда облыста 610 мектепке дейінгі ұйым, 557 мектеп, 33 колледж, 4 ЖОО жұмыс істейді.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% — ды құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 75,4% — ға дейін ұлғайды.

2014 жылдан бастап жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталған мектептердің үлесі 42% — дан 52% — ға дейін өсті. Тегін ыстық тамақпен 1 сынып оқушылары (16 мың бала) қамтылған.

Білім сапасын арттыру үшін «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді алға қояды:3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды сақтау және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 85%-ке дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау;бірінші сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен 100% қамтуды сақтау;саны аз 250 шалғайдағы ауылдық мектептердің штаттық режимде және 307 мектептің дистанциялық режимде жұмыс істеуін ұйымдастыру. Қашықтықтан оқыту кезеңінде жеке компьютерлік техникасы жоқ оқушылар мен мұғалімдерге уақытша пайдалануға мектеп компьютерлері немесе ноутбуктері беріледі (ағымдағы жылы 1383 бірлік сатып алынды, тағы 429 бірлік компьютерлік техника сатып алу жоспарланған);ауылдарда 10 жаңа мектеп және Көкшетау қаласында 1 мектеп салу, үш ауысымды білім беруді жою үшін қосымша оқу корпустарын салу үшін Көкшетау қаласының 4 мектебінің алаңын кеңейту;2021 жылы Жарқайың ауданындағы Державинск қаласындағы мектепті жөндеу, Жарқайың, Біржан сал, Бұланды аудандарында және Жарқайың ауданының Фурманов ауылында авариялық мектепті жою үшін жаңадан мектеп салу;60 білім беру объектісіне жөндеу жүргізу (жыл сайын 12 объекті    бойынша);облыстың барлық 555 мемлекеттік мектебін кезең-кезеңімен химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен жарақтандыру;педагогтардың 85% -ын аттестаттаудың жаңа жүйесімен қамту;ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейін 75%-ке дейін жеткізу, кадрларды даярлау сапасын арттыру және дуальды білім беру қағидаттарын сақтау есебінен.

Нәтижесінде 2023 жылға қарай аймақтағы үш ауысымды мектептер мен апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі 100% шешілетін болады.

Маған осынау қиын да жауапты қоғамдық  кеңесті басқаруды сеніп тапсырған әріптестеріме, партия басшылығына ризашылығымды білдіре отырып, алдағы уақытта Сіздермен тығыз байланыста жұмыс істейміз деген сенімдемін. Барлық сұрақтарыңыз бен игі бастамаларыңызға ашықпын. Бірге талқылайық !

 

Марат Сырлыбаев

Білім мен ғылым мәселелерін дамыту бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...