Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЕрейментау«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95 жылдығына арналған «Бала ақын – жас дарын» облыстық жас ақындар айтыс өтті.

Жыр додасына Ақмола облысының аудандары мен қалаларынан 12-18 жас аралығындағы жас ақындар қатысты.

Жас ақындардың сайысына ақмолалық айтыскер — ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, айтыскер ақын, республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері, Ерейментау ауданының құрметті азаматы Қабдыжәлел Сахария және ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ақмола облысы мәдениет басқармасының сарапшысы Мерген Тоқсанбай төрелік етті.

Айтыс қорытындысы бойынша тың нәтижесі бойынша жүлделі 3-орынды Хызырбекұлы Сырым (Бұланды ауданы), Мұхаммед Эргашев (Целиноград ауданы), 2-орынды Мисалбек Назар (Ерейментау ауданы), 1-орынды Серікболат Сәттілік (Ерейментау ауданы) және Бас жүлдені Берік Әсет Абылайұлы (Қорғалжын ауданы) иеленді.

Айтыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...