Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытатын құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту үшін субъектілер өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын маңызды шаралардың бірі болып табылатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағыт бойынша бүгін біз әлеуметтік нысандарға мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелерін қарастырамыз», — деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Асхат Оразхан 2023 жылы тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім әлеуметтік маңызы бар салаларда 3 сыртқы талдау және 8 мониторинг жүргізілгенін, оның қорытындысы бойынша 40-қа жуық нақты ұсынымдар енгізілгенін хабарлады.

Мәселен, білім беру саласында бюджет қаражатын жоспарлау және игеру үдерістерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай цифрлық есепке алу бойынша бюджеттік қаражат бойынша барлық үдерістерді толық автоматтандыруды қамтамасыз етуге арналған пилоттық жоба енгізілді және сәтті сыналды.

Мысалы, ұйым басшысының бет биометриясы бойынша төлем құжаттарына қол қою мәселесі пысықталды. Бұл ЭЦҚ-ны бухгалтерлерге беру тәуекелдерін жояды және ұйым басшыларының жауапкершілігін күшейтеді. Барлық әзірленген ұсынымдар жоба шеңберінде конкурс арқылы сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген.

Өткен жылдың соңында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылысы созылып кеткен 15 әлеуметтік нысанды сүйемелдеуге алды. Оған қоса құрылыс ресурстары құнының қымбаттауына байланысты мерзімдерді ұзарту және жобаларды түзету бюджетке қосымша жүктеме түсіреді.

«Нәтижесінде уәделенген үйлер мен инфрақұрылымды жылдар бойы күткен халық зардап шегеді. Бұл мәселелер жедел шешімді қажет етеді. Облыс әкімдігімен бірлесіп проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау жоспары бекітілді, қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіп жатырмыз», — деді Асхат Оразхан.

Отырыста сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру мәселелері қаралды.

Шараны қорытындылай келе облыс әкімі аудандар мен қалалар әкімдеріне және басқарма басшыларына мерзімі ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау бойынша жұмысты жалғастыруды, жұмсалатын бюджет қаражатының ұтымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ МӘТ іске асыру мерзімдері мен сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Қалалар мен аудандардың әкімдерін, басқарма басшыларын аталған бағыттардағы жұмыстарды іске асыру үшін дербес жауапкершілік туралы ескертемін, әрбір басшыдан бұзушылықтарды болдырмау және кемшіліктерді түзету бойынша пәрменді шаралар қабылдауды талап етемін», — деп түйіндеді өңір басшысы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...