Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЗерендіБасты мақсат – тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл - ауқатын тұрақты...

Басты мақсат – тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл – ауқатын тұрақты жақсартуды қамтамасыздандыру

Зеренділік жастардың өкілдері, «Парус» сауықтыру орталығында Nur Otan партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшесі , «Евразиялық даму банкі» басқарма төрағасының орынбасары Марат Құсайыновпен, Nur Otan партиясының Ақмола облыстық сайлауалды штабының мүшелері – «Ақай» сән үйінің басшысы Ғалия Алдабергеновамен, «Қара-өзек» ЖШС агрофирмасының директоры Нартай Искаковпен және «Ақмола облысының туристік ассоциациясының» ЖКҰ және ЗТ төрағасы Қайрат Сұлтановпен «Парус» сауықтыру кешенінде өткен кездесуден өздері үшін көптеген қажетті ақпараттар алды.

Диалогтық алаңға қатысушыларға партияның Зеренді аумақтық филиалы төрағасының орынбасары Руслан Абдуахитов құттықтау сөздерін жолдап, үгіт жасау кездесуінің 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін маңызды науқан – барлық деңгейдегі депутаттар сайлауының алдында ұйымдастырылып отырылғанын атап өтті.

-Дәл осы күні сіздер өз таңдауларыңызды жасауларыңыз үшін сайлау учаскелеріне келесіздер. Сіздердің осы қадамдарыңызға әр тұрғынның болашағы тікелей байланысты болады, – деді қатысушыларға арнаған сөзінде Р. Абдуахитов.

Кездесудің жалғасында партияның Сайлауалды бағдарламасы, оның негізгі бағыттары тақырыбы бойынша сөз кезегі ҚР Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Марат Құсайыновқа берілді. Ол өз ақпаратында әлемді коронавирус пандемиясы қамтыған қиын кезең, көптеген елдер мен халықтардың тағдырына өзгерістер енгізгенін атап өткен Марат Апсеметұлы Nur Otan партиясының тұрғындардың қиындықтан шығуларын жеңілдетудің барлық мүмкіндікті шараларда жүзеге асырып отырғанын атап өтті.

Оған мысал ретінде төмендегі цифрларды келтірейік: Зеренді ауданында көрсетілген әлеуметтік көмектер: мәжбүрлі еңбек демалысындағы 3,3 мың қызметкердің әрқайсына 42,5 мың теңге төлемдер жасалды; тұрғындардың әлеуметтік-осал топтарының арасынан 2 мың адам, жалпы сомасы 38,8 миллион теңгеден асатын азық-түліктік-тұрмыстық жиынтықтар түріндегі төлемдер алды; 137 азқамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 6 жасқа дейінгі 166 сәбиге кепілді әлеуметтік пакеттер берілген. 2,4 мың адамның коммуналдық шығындары өтелген.

-Партия өз қызметінің тиімділігін көтеру бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда кадрлар қайта сұрыпталып, білім беру, мәдениет, медицина, бизнес салаларын және т.б. ары қарай дамыту, оларды қолдау бойынша жаңа міндеттер жүктелді. Зеренді ауданында туристік саланы дамытудың айтарлықтай әлеуеті бар, бұл бағытта айтуға тұрарлықтай жұмыстар жүзеге асқан, алда одан да көлемді істер атқару қажет, – деп ойын жалғастырды М.Құсайынов.

Ақпарат беруші қатысушылардың назарын жергілікті өзін-өзі басқару, тұрғындар алдында жауапкершілігін көтеру мақсатында ауылдық округ әкімдерін сайлауды енгізу мәселелеріне аударды. Партияның басты міндеттерінің бірі бұрынғыша, елімізде этносаралық , конфессияаралық келісімді сақтау, ұлттардың бірлігі мен өзара түсіністігін сақтау болып қала бермек.

«Барлық міндеттемелерімізді орындауға талпынамыз, оларды, әсіресе маңыздыларынан бастап, кезең кезеңмен шешетін боламыз. Біздің партия құр уәде бермейді, алға қойған мақсаттарымыз жүзеге асырылады»,- деген нық сеніммен сөзін аяқтаған М.Құсайынов қатысушыларды алдағы сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Облыстық мәслихаттың депутаты Нартай Искаков аудан тұрғындарына, белсенді өмірлік ұстанымы бар, өңірдің көптеген өзекті мәселелерін, оның ішінде жерді пайдалануды шешуге қатысушы тұлға ретінде жақсы таныс. Өз сөзінде ол жастарға ауыл шаруашылығы саласына баруды ұсынып: бүгінде саланың өркендеу үстінде екенін, мемлекеттің аграршыларға, ауыл шаруашылығына көлемді қаражаттар салып, жәрдемақылар, жеңілдетілген несиелер бөліп, оның шын тұрғыдағы экономиканың драйверіне айналуына айтарлықтай қолдау жасап отырғанын атап өтті. Бүгінде ұсынылған барлық қолдау тетіктерін пайдаланып, ауылдағы өз бизнестерін дамыта алатын, жігерлі іскер адамдар, білікті мамандар қажет.

Қатысушылар Көкшетау қалалық маслихатының депутаттығына кандидат, Іскер әйелдер Ассоциясының мүшесі Ғалия Алдабергенованы қызығушылықпен тыңдады. Бизнес-аруының мәлімдеуінше ол партияның қызметін пандемия кезінде, оның тұрғындардың аз қамтылған санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыра білуі, волонтерлік қызметті жандандыра алатыны, орын алған проблемаларды жедел шешуі негізінде ерекше бағалаған.

-«Диванға жайғасып сынға алушылардың» әрекеттеріне назар аударудың қажеті жоқ, жай ғана нақты жағдайға үңіле қарайық: егер Nur Otan болмаса, енді кім? Партия – бұл жеке тұлғалардан тұратын ұйым, оның мүшелері біз бен сіздер! Басқалардың бізге деген көзқарастары әрқайсымызға, атқарылған ортақ ісімізге тікелей байланысты. Ал біз партия қатарына өмір сапасын жақсарту үшін өттік , – деді Ғалия Серікқызы. – Сіздердің сайлау учаскелеріне келіп, біреу үшін емес өзіңіз үшін дұрыс таңдау жасайсыздар деген сенімдеміз!

Облыстық мәслихаттың депутаты өз сөзінде нақты цифрлар мен фактілер келтіріп, қатысушыларға депутаттық корпустың құрамында атқарған жұмыстарынан ақпарат берді. Олардың нәтижелерінде айтарлықтай қаражаттар бөлініп, көптеген километр автокөлік жолдары мен суөткізу құбырларына, ондаған мектептерге жөндеулер жасалған. Барлық мектептер бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыздандырылып, басқа да көптеген игі істер атқарылған.

Қайрат Сұлтанов облыстық туристер ассоцияциясының басшысы ретінде негізгі назарды туризмді дамыту келешегі мен

проблемаларына аударып, аталған мақсатты бағытта атқарылған жұмыстардың арқасында осы маңызды салаға мемлекеттік қолдаудың жасалуына жеткізілгенін атап өтті.

Кездесу соңында : «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында 7 басымдықты: атап айтқанда экономикалық тұрақты аудан; жайлы аудан; әлеуметтік – бағдарланған аудан; жастардың ауданы; тарих пен мәдениетті дамыту; ашық және есепті жергілікті органдар; қауіпсіз аудан деп айқындағаны белгілі болды. Ең басты мақсат – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, әл-ауқатын көтеруге тұрақты жағдайлар жасау. Орын алған ой бөлісуден кейін әр қатысушының, тек «Nur Otan» партиясына дауыс береміз деген тұжырым жасағандары сөзсіз!

Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...