Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
19.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЗерендіТұрғындардың денсаулығы басты назарда

Тұрғындардың денсаулығы басты назарда

Елдің басты байлығы – адамдары, ал әр адамның басты құндылығы – денсаулығы екені белгілі. «Nur Otan» партиясы, ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар салып, оларды заманауи диагностикалық қондырғылармен, дәрі-дәрмектермен, көліктермен қамтамасыздандыру арқылы тұрғындардың денсаулықтарын сақтап, нығайту бағытында күш-жігерлерін жұмсауда.

Оған – заманауи талаптарға сәйкес келетін, осыдан бірнеше жыл ғана бұрын пайдаланылуға берілген Зеренді аудандық емханасының, Троицк дәрігерлік амбулаториясының жаңа ғимараттарын атап өтуге болады. Ағымдағы жылы біздің ауруханамызға, ең заманауи технологиялармен жабдықталған, өңірдің ең шалғай елді мекендерінің тұрғындарына жоғары технологиялық, сапалы көмек көрсете алатын, жылжымалы медициналық кешеннің сыйға тартылуы да айтуға тұрарлық жаңалық болды дей аламыз.

Мұнымен қатар соңғы жылдары негізгі көрсеткіштер бойынша біршама алға жылжушылықтың: аурулардың – қан айналысы жүйесінің 21,7%, туберкулездің – 27 %, қатерлі ісіктерден өлімдердің – 11,6%, туберкулездің – 3,1 есеге төмендегенін атап өту қажет.

Болашақта саладағы негізгі басымдық денсаулықсақтаудағы инфрақұрылымды дамытып, нығайтуға, коронавирус жұқпасымен күрес кезеңінде алынған тәжірибені кеңінен пайдалануға, шекті мамандандырылған мамандар тапшылығын төмендетуге және тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыздандыруға берілетін болады.

«Nur Otan» партиясы эпидемияға қарсы шаралар шеңберінде коронавируспен күрес қадамдарын күшейтуге ықпал жасайтын болады. Атап айтқанда: ауданның медициналық ұйымдарының материалдық-техикалық базасын нығайту (ӨЖДБ /өкпеге жасанды дем беру/ аппараттарымен,компьютерлік томографиямен, дем беру концентраторларымен, газбенқамтамасыздандыру және газбөлу жүйелерімен және т.б. ) жабдықтау. Кадрлар мәселесі де аса маңызды, осы себепті партия ауданға мамандандырылған медициналық қызметкерлерді – эпидемиолог, анестезиолог, реаниматолог, жұқпалы аурулар дәрігерлерін, орта медициналық мамандарды тартуға ниетті.

Медициналық ұйымдар мен дәріханалық тораптарды дәрі-дәрмектермен толассыз қамту да назардан тыс қалмайды.

Медициналық қызметтерді ұсыну сапасын жақсарту мақсатында «Nur Otan»: жыл сайын аудан әкімінің гранты есебінен 2 дәрігерлік мамандарды оқытуды; жыл сайын тұрғын мекен жай беру арқылы өңірге 5 дәрігерді тартуды; жаңашыл белгідегі қатерлі ауруларды бастапқы сатысында анықтау үшін скрининг өткізуді (жыл сайын 14 мың скринингтер); медициналық мекемелерді өкпеге жасанды дем беру

аппараттарымен және жеке қорғаныс құралдарымен 100%-ға жабдықтауды; барлық медициналық мекемелерде COVID-19 күрес үшін қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті көлемде қамтамасыздандыруды жоспарлап отыр.

«Nur Otan» партиясы алдына, жерлестеріміздің өмір сүру ұзақтығы мен мен сапасын жақсартуды басты міндеттердің бірі ретінде тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарылатуды қойып отыр.

Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...