spot_img
- Жарнама -spot_img
12.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауБілім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету саласында құқық бұзушылықтар анықталды

Білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету саласында құқық бұзушылықтар анықталды

-Жарнама -spot_img

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын
бақылау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола
облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласының білім беру
ұйымдарында кезекті қоғамдық мониторинг өткізді.

Мониторинг барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.
Мысалы, кейбір ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың автокөліктерін
қоятын арнайы белгілер жоқ, мамандарды шақыру батырмалары жұмыс
істемейді, санитарлық тораптар арнайы жабдықпен қамтамасыз етілмеген,
ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы өзекті
ақпарат орналастырылмаған.

Аталған бұзушылықтар департамент жанындағы Мемлекеттік
қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының
отырысында қаралды.

Отырыс барысында департамент басшысының орынбасары Дархан
Хайруллин Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін
мемлекеттік органдар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар
жасауы міндетті екенін еске салды.

Отырыс қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға
бағытталған тиісті ұсынымдар әзірленді. Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Қанат Айтымов мүгедектерге мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ облыс ұйымдарында заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында бақылау іс-шаралары тұрақты негізде өткізілетінін ескертті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img