Воскресенье, 15 сентября, 2024
ЖаңалықтарӘлемҰлыбританияда 4 жасар қыз динозавр табанының ізін тауып алған

Ұлыбританияда 4 жасар қыз динозавр табанының ізін тауып алған

Ұлыбританияның Бэрри қаласындағы Бэндрикс Бэй жағажайында төрт жасар Лили Вайлдер жақсы сақталып қалған динозавр табанының ізін тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

220 млн жыл болған бұл із батпақты топыраққа басылғандығы арқасында жақсы қалпында сақталған екен. Мамандардың айтуынша, жалғыз ізді зерттеу арқылы динозаврдың нақты қай түрге жатқандығын айту қиын. Дегенмен, Уэльстің Ұлттық мұражайының палеонтология кураторы Синди Хауэллдың айтуынша, ізді бойы 75 см болған, артқы аяқтарымен жүретін, шағын жануарлар мен жәндіктермен қоректенген динозавр қалдырған. Жағажайда серуендеп жүрген Лили және оның әкесі Ричард Вайлдер ізді байқағаннан кейін оны суретке түсіріп, жергілікті мамандармен хабарласқан. Із басылған тас Уэльс Ұлттық ресурстары агенттігінің арнайы рұқсатымен Кардифф қаласындағы Ұлттық музейге жеткізілді. Ұлттық музейдің мәлімдемесіне сәйкес, мұндай жақсы сақталған іздердің көмегімен ғалымдар динозаврлардың сүйек құрылымын одан әрі зерттеуге мүмкіндік алып отыр. Уэльстің Бэрри қаласының маңында орналасқан бұл жағажай Ұлыбританияның ең маңызды палеонтологиялық аймақтарының бірі болып саналады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинск қаласында 12 жастағы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлады

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, терезеден құлаған қыз ауруханаға жатқызылған. «Бурабай ауданының полиция бөлімі оқиғаның ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Щучинск қаласында болғанын хабарлайды. Алдын-ала...

«IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушылары үшін адалдық сағаты өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында «IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушыларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында облыстық...

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғайды

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты...

Ақкөл ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылады

Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба жүзеге асырылуда – құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 900 басқа арналған жаңа тауарлы сүт ферманың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта...

«Көшпенділер әлемі» этноауылының салтанатты ашылуы өтті

Күні бойы Ақмола облысының мәдени бағдарламасы ұсынылады. Салтанатты шеруде бірліктің нышанына айналған "Тайқазанға" Ақмола облысының делегациясы қатысты, оның құрамында еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, спортшылар,...