Ақмола облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған аталмыш комиссия мүшелерінен бөлек, Степногорск қаласы мен Атбасар, Бұланды, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары, облыстық ономастика комиссиясының төрайымы Алтынай Әміренованың төрайымдылығымен өткен жиында өңірдегі кейбір елді мекендердің және құрамдас бөліктердің атауларын қайта атау бойынша 11 елді мекен, 4 ауылдық округ және 93 көшені қайта туралы барлығы 108 ұсыныс қаралды.
Облыстық ономастика комиссия мүшелері 1 қала мен 8 ауданнан келген ұсыныстарды талқылап, 11 елді мекен, 4 ауылдық округ және 90 көшеге оң қорытынды берді. Яғни, облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған қайта атау туралы ұсыныстар «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабы, 5-тармағы мен 14-бабы, 4-тармағына сәйкес аудандық өкiлдi және атқарушы органдарының, сонымен қатар, қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің қарауына жолданды.
Ал, Есіл ауданының 1 көшесі мен Жарқайың ауданының 2 көшесін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-5-бабына сәйкес ономастика жұмысының критерийлері негізінде қайта атау туралы ұсыныстары қабылданбады.