Жұма, Сәуір 26, 2024
13.2 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауБірқатар елді мекендер мен көшелердің атауы өзгертіледі

Бірқатар елді мекендер мен көшелердің атауы өзгертіледі

Ақмола облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған аталмыш комиссия мүшелерінен бөлек, Степногорск қаласы мен Атбасар, Бұланды, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Целиноград  аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары, облыстық ономастика комиссиясының төрайымы Алтынай Әміренованың төрайымдылығымен өткен жиында өңірдегі кейбір елді мекендердің және құрамдас бөліктердің атауларын қайта атау бойынша  11 елді мекен, 4 ауылдық округ және 93 көшені қайта туралы барлығы 108 ұсыныс қаралды.

Облыстық ономастика комиссия мүшелері 1 қала мен 8 ауданнан келген ұсыныстарды талқылап, 11 елді мекен, 4 ауылдық округ және 90 көшеге оң қорытынды берді. Яғни, облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған қайта атау туралы ұсыныстар «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабы, 5-тармағы мен 14-бабы, 4-тармағына сәйкес аудандық өкiлдi және атқарушы органдарының, сонымен қатар, қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің қарауына жолданды.

Ал, Есіл ауданының 1 көшесі мен Жарқайың ауданының 2 көшесін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-5-бабына сәйкес ономастика жұмысының критерийлері негізінде қайта атау туралы ұсыныстары қабылданбады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...