Белсенді сайлау науқаны жалғасын табуда. «Nur Otan» партиясы тұрғындармен кездесіп, әділдік пен ашық жүйені қолдаймыз деді. Үміткерлер үгіт — насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.
» Есіктен есікке» акциясы өз жалғасын тауып , әрбір сайлаушының үйіне ат басын бұрып партияның назарын тыс қалмайды деп сайлаушыларға жеткізді.
Алдыңғы аптада үгіт- насихат жұмыстарын Кощегулов Саят Усербаевич пен Рахимбеков Асет Жақсылықұлы жүргізді. Саят Усербаевич пен Асет Жақсылықұлы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер. Қос үміткер ауыл — аймақтарды аралап, ауыл тұрғынымен жеке кездесіп жүрген үміткерлердің бірі.
Үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 басымдығын алға тартып, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, ауданымыздың экономикасын, тұрақтылығын сақтап қалу партия мақсатарының бірі екенін айтып өтті.
«Nur Otan» партиясы халықпен бірге! «Бізбен бірге болсаңыз ,биік шыңдарға бірге жетеміз»-, деп сөзін түйіндеді.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Ерейментау ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді.