Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерҚорғалжынБірлігі жарасқан Қазақстан, ынтымағы берік партия «Nur Otan»»

Бірлігі жарасқан Қазақстан, ынтымағы берік партия «Nur Otan»»

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясының жұмыс жоспары өте ауқымды. Бір демде өте шыққан үгіт айлығында кандидаттар халықпен тікелей жұмыс атқарып, келелі істер мен кемел міндеттерді барынша ашып түсіндіруге тырысты.

Сәйкесінше, аудан тұрғындарының «Nur Otan» партиясына деген сенімдері де бекем бола түсті. Жоспарлы жұмысқа келер болсақ, ауданда  инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша қайтарым алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы  Амангелді ауылдық округіндегі жайылымдар мен егістік алқаптардың мақсатын өзгерту арқылы суармалы жерлердің аумағын кезең-кезеңімен кеңейтуді насихаттау; Ірі қара санын 25000 (қазіргі уақытта 22000) дейін көбейту арқылы мал шаруашылығының дамуына үлес қосу секілді міндеттерін алға қойып отыр және барынша қысқа уақыт ішінде жүзеге асыру мақсат етілген.

Сонымен қатар Қорғалжын ауданында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта жағдай жасалатын болады. «Бақытты отбасы»,»Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны 100% қамтамасыз етуге қол жеткізуді, 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға өз бетінше, онлайн режимде өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беруді,  әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуді қамтамасыз ететін болады.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы үздіксіз қолдау көрсетіп отыру да жоспарда бар. Жалпы партияның жұмыс жоспары осы күнге тоқтаусыз жұмыс атқарып келеді. Күн тәртібіне қойылған жеті басым бағыт бойынша әлі талай    жобалар іске асатын болады.

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды қорынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...