Облыс әкімі Ермек Мыржықпаев бастаған ақмолалықтар «Бірге таза Қазақстан» республикалық акциясына атсалысты.
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, акцияға өңірдің 25 мыңнан астам тұрғыны мен 370 техника жұмылдырылды.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған акцияға жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, жастар, шағын және орта бизнес, қала ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдері, қала тұрғындары мен белсенділер қатысты.
Акция барысында Бұқпа шоқысы, автокөлік жолдарының бойы, қалалық саябақтар мен скверлер аумағы, сондай-ақ, қалалық қоқыс үйінділерінің, көшелердің, аудан орталықтарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының, Сандықтау, Бурабай, Бұланды аудандарының жақын маңдағы орман алқаптарының аумағы қоқыстан тазартылып, ағаштар мен жаға тастар ақталды. Бұдан бөлек, абаттандыру және көгалдандыру айлығы аясында облыс бойынша үш мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды.
Акцияға облысы басшысы Ермек Маржықпаев та қатысты. Осы ретте, акцияда облыс орталығындағы Центральный шағын ауданы 34 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің тұрғындары белсенділік танытты.
Акция кезінде екі мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.