Четверг, 16 января, 2025

Біз біргеміз!

Сондай-ақ, оқыңыз...

 Аршалы ауданында аудандық мәслихат депутаттығына кандидат, «Nur Otan» партиясы Аршалы аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахимова Гульмира Омарқызы агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

      Ауданда мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешенді құру бойынша жұмыс жалғасатынын  айта отыра, алдағы сайлауда  «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

   «Nur Otan» партиясы ауыл шаруашылығын дамыту бойынша алға қадамдар жасайтын болады. Ол үшін біз тұқыммен себу алаңын  2025 жылға қарай 3 репродукциядан төмен емес 90% — ға дейін ұлғайтуға, минералды тыңайтқыштар алаңын 2025 жылға қарай 31 мың гектарға дейін ұлғайтуға, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану алаңын ұлғайту көзделіп отырғанын   да айтты.  «Nur Otan» партиясының бағыты тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.

            Халықтың әл-ауқатының негізін азаматтарды жұмыспен, тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі.

            Осыған байланысты 2 мыңнан астам жұмыс орнын құру (жыл сайын орта есеппен 400-ге жуық орын) және орташа жалақыны 112 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін арттыру және жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,6% — ға дейін төмендету бойынша міндет қойылды.Бұл үшін «Nur Otan» партиясы жоспарындағы жұмыстарды тізімдеп айтты.:

2021 жылы Бұлақсай ауылдық округінің шекарасында 150 басқа арналған сүт фермасының құрылысы («Ерасыл Е&K» ЖШС);

2021 жылы Ақбұлақ ауылдық округінде сүтті мал тұқымын өсіру бойынша 100 басқа арналған ферманың ашылуы («әділ Агро» ЖШС);

2021 жылы Жібек жолы ауылдық округі шекарасында силикат кірпіш шығаратын кәсіпорын құрылысы («Silk 2020» ЖШС), 27 жұмыс орнын құрумен;

2021 жылы Бұлақсай ауылында («Бурей-энерго» ЖШС) қуаты 150 мВт жел паркін салу;

2022 жылы Ақбұлақ ауылдық округінде («Сартай-Агро» ЖШС) сүт тұқымдарын өсіру бойынша 100 басқа арналған ферманың ашылуы.

 Халқымыздың әл-ауқатының жақсарту жолында жасалып жатқан игі істердің  басында қашан да «Nur Otan» партиясы  екені белгілі. Сол себепті  10 қаңтар 2021 жылы болатын сайлауда белсенділік  танытып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.  Дұрыс таңдау жасайтындықтарыңызға  сенеміз! Біз біргеміз!

«Nur Otan» партиясының  Ақмола облысы  Аршалы ауданының  Сайлау қорының  қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...