Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыМемқызмет істері агенттігі Волонтерлер жылы аясында 100-ден астам іс-шара өткізді

Мемқызмет істері агенттігі Волонтерлер жылы аясында 100-ден астам іс-шара өткізді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Өтіп бара жатқан жыл Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша волонтерлер жылы деп жарияланған болатын.

Осы ретте, Халықтың мұқтаж топтарына көмек көрсету бойынша бүкіл республикалық бастамаларды қолдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2020 жыл бойы «Игі істер уақыты» акциясын өткізді.

Осы акция аясында мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге бағытталған волонтерлік және қайырымдылық іс-шараларына Агенттіктің қызметкерлері COVID-19 пандемиясы кезеңінде туындаған қиындықтарға қарамастан бірқатар іс-шараларды өткізді. Атап айтқанда:

— Ақмола облысы көпбейінді облыстық ауруханасы үшін оттегі концентраторы сатып алынды;

— сәбилер, қарттар үйлерінің аумағын және ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үйлерінің аумақтарын қоқыстан және қардан тазарту жұмыстары жүргізілді;

— саябақтар мен скверлер, сондай-ақ аллеялар аумағында ағаш отырғызу бойынша экологиялық іс-шаралар өткізілді;

— су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек көрсету қорына азық-түлік және қаражат жинау жүзеге асырылды;

— аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты зейнеткерлер үшін азық-түлік себеттері үлестірілді;

— «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында оқушыларға кеңсе заттары үлестрілді;

— «Донор күні» акциясы аясында мемлекеттік қызметкерлер қан тапсырды.

Жалпы алғанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бастамасымен «Игі істер уақыты» акциясы аясында тұрғындарға қол ұшын созу бағытында жалпы саны 100-ге жуық іс-шара өткізілді.

Агенттік осындай іс-әрекеттер адамдардың көбісін игі бастамалардың жақтаушылары болуға ынталандыруы бағытында жасалған игі істерді кеңінен жария ету жөніндегі бастамаларды қолдайды, сондай-ақ алдағы уақытта да мұқтаж адамдарға көмектесуге бағытталған қызметті жалғастыратын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызмет.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...