«Nur Otan» партиясы атынан Аршалы аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер «Аршалы балалар мен жас өспірімдер мектебі»КММ директоры Бижанов Нурсултан Муратұлы мен «Турлубеков Е.Т» ШҚ атқарушы директоры Турлубеков Санат Ерыкұлы үгіт -насихат жұмыстарын жүргізді.
«Біздің басты құндылығымыз — Адам, оның қадір-қасиеті мен құқы, амандық-саулығы мен мүдделері»- деп бастаған Н.М. Бижанов «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының жеті бағытымен таныстыра отыра, аудан тұрғандарын алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Әр азамат туғаннан дені сау, білімді болуға, еңбек етуге, лайықты еңбекақы табуға, отбасын құруға, жеке баспана иеленуге, өз балаларының болашағын қамдауға мүмкіндік беретіндей әлеуметтік және басқа да игіліктерге кепілді әрі тең тұрғыда қол жеткізе алуға мүмкіндік жасап отырған «Nur Otan» партиясының бағыттары жайлы Санат Ерыкұлы тоқталып өтті.
Сонымен қатар Аршалы ауданының алдағы 5 жылға жоспарланып отырған жұмыстарымен таныстырды. Соның бірі, Ауданымызда бұқаралық спортқа жағдай жасау. «Nur Otan» партиясы алдына қойған жоспарлау халық денсаулығын нығайтуға, халықты жаппай спортпен айналыстыруға бағытталған. Ауданымызда 49 спорттық ғимараттар жұмыс жасайды. 1 спорт алаңы, 18 спорт залы, 7 спорттық корты, 26 футбол алаңы бар. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 7955 адам. Бұл ауданымыздың 28,8 пайызды құрайды.
2021 жылға Аршалы кентінде дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы және халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін 100 адамға шаққанда 30,3 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отырғандығын айта кетті.
Біз әрдайым биік межелерді көздеп, мақсатымызға қол жеткізіп келеміз. Біздің болашаққа ұмтылысымыз және жетіле түсуге ұдайы талпынысымыз — Қазақстанның одан әрі өркендеуінің аса маңызды шарты.Сондықтан да жаңа оқу-білімге ұмтылу, еңбек ету және басқалардың еңбегін құрметтеу, өз денсаулығына дұрыстап қарау және дәйім өзін өзі ұштап отыру әрбір азамат үшін өмірінің қалыпты қағидасына айналуы керектігін сөз ете отыра, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. «Nur Otan» партиясы қашан да халықпен бірге!
Біз әр азаматтың әлеуетін, жасампаздық күш-қуатын, болашаққа деген сенімі мен білімін өз Отанымыздың игілігіне жұмсауға тиіспіз!
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.