Воскресенье, 15 сентября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаҚылмыс«Браконьер» жедел-алдын алу шарасы: бір күнде табиғатты қорғау заңнамасының 38 рет бұзылғаны...

«Браконьер» жедел-алдын алу шарасы: бір күнде табиғатты қорғау заңнамасының 38 рет бұзылғаны анықталды

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу, аңшылық атыс қаруын, сондай-ақ суық қару мен патрондарды заңсыз алып жүру, балық аулау, ағаш кесу, сүрек дайындау және табиғат пайдаланудың басқа да түрлерін анықтау мақсатында 3-9 тамыз аралығында Ақмола облысының аумағында «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

«Ең көп таралған құқық бұзушылықтар — бұл жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзу, заңсыз балық аулау», — дейді полиция қызметкерлері.

Құрамына жергілікті полиция қызметі, криминалдық полиция құрылымдарының қызметкерлері кірген арнайы құрылған мобильді топтар, бірінші күні табиғатты қорғау қызметі желісі бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Рейд барысында 38 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 382-бабы бойынша заңсыз аң аулау және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 30 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК 383-бабы бойынша су жануарларын заңсыз аулағаны және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 7 әкімшілік материал жасалды. ҚР ӘҚБтК 381-1-бабы «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша 1 құқық бұзушылық анықталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинск қаласында 12 жастағы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлады

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, терезеден құлаған қыз ауруханаға жатқызылған. «Бурабай ауданының полиция бөлімі оқиғаның ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Щучинск қаласында болғанын хабарлайды. Алдын-ала...

«IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушылары үшін адалдық сағаты өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында «IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушыларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында облыстық...

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғайды

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты...

Ақкөл ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылады

Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба жүзеге асырылуда – құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 900 басқа арналған жаңа тауарлы сүт ферманың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта...

«Көшпенділер әлемі» этноауылының салтанатты ашылуы өтті

Күні бойы Ақмола облысының мәдени бағдарламасы ұсынылады. Салтанатты шеруде бірліктің нышанына айналған "Тайқазанға" Ақмола облысының делегациясы қатысты, оның құрамында еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, спортшылар,...