Пятница, 18 апреля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаКөкшетаудағы көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды

Көкшетаудағы көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін, 04.08.2021 жылы Пушкин көшесіндегі көп қабатты үйдің 27 тұрғыны бірінші қабаттағы дүкендегі өрттен эвакуацияланды. Өрттің алдын ала себебі тоңазытқыш қондырғыларының қысқа тұйықталуы, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

04 сағат 28 минутта Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары жіберілді.

Шақыру орнына келген соң ақпарат расталды. Нәтижесінде баспалдақ маршымен 27 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Өрт 20 минут ішінде жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД-нің 10 қызметкері мен 2 техникасы шықты.

Ақмола ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз! Өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметінің 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...