Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарӘлемДДСҰ: коронавирустың дельта штаммы 192 елде таралды

ДДСҰ: коронавирустың дельта штаммы 192 елде таралды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Корнавирустың тез жұғуымен ерекшеленетін «дельта» штаммы соңғы аптаның ішінде өзінің таралу географиясын 192 ел мен аумаққа ұлғайтты. «Альфа», «бета» және «гамма» штамдары бар елдер мен аумақтардың тізімі толықтырылды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дельта нұсқасының болуы туралы хабарламалар 192 елден келді, ал алдыңғы аптадағы бюллетеньде 187 мемлекетте болғаны туралы ұйымның хабарламасында айтылған. Дельта штаммы 2020 жылдың қазан айынан бастап Үндістанда табылғаннан бері мамандарға белгілі.

ДДСҰ деректерінше 5 қазандағы жағдай бойынша әлемде пандемия басталғаннан бері 235 175 106 адам коронавирус жұқтырған, өлім жағдайларының саны 4 806 841-ге жетті. ДДСҰ-ның Женева штаб-пәтеріне түскен мәліметтерде көрсетілгендей, инфекцияның ең көп расталған жағдайы АҚШ-та тіркелген. Мұнда 43 401 318 адам коронавирусқа шалдыққан.

Келесі орындарда Үндістан (33 853 048), Бразилия (21 468 121), Ұлыбритания (7 934 940) және Ресей (7 637 427). Өлім жағдайлары бойынша АҚШ-та 696 732 жағдай тіркелген, екінші орында Бразилия (597 948), үшінші орында – Үндістан (449 260). Әрі қарай тізімде Мексика (278 803) мен Ресей (211 696) тұр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...