Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӘлемҚытайлық археологтар Тибетте ежелгі жартас суреттері мен тас құралдарын тапты

Қытайлық археологтар Тибетте ежелгі жартас суреттері мен тас құралдарын тапты

Қытайлық археологтар Тибеттегі Намцо көлінің маңында археологиялық зерттеу миссиясы барысында ежелгі жартас суреттері мен тас құралдарын тапты. Бұл туралы «Жэньмин жибао» басылымы Қытай Орталық телевидениесіне (CCTV) сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтер бойынша, ғылыми экспедиция биыл тамыз айында басталған. Ғылыми экспедиция тобы Намцо көлі мен оның төңірегінде үңгірдегі жартас суреттеріне, сондай -ақ Тибеттің солтүстігіндегі шөл далада жартасқа қашалған суреттерге кешенді және жүйелі зерттеу жүргізді.

Қытайлық археологтар Тибеттің солтүстігінде тас құралдар, тас қабірлер мен құрбандық жәдігерлері сияқты көптеген көне мәдени артефактілер мен тарихи орындарды тапты. Оның ішінде тек Намцо көлінің орталығындағы Заши аралында ғана археологтар 53 жерден жартас суреттерін анықтаған.

Археологтар Заши аралындағы үңгірлердің боялған жартас суреттері негізінен минералды пигменттерден жасалғанын айтады. Түсінің көп бөлігі қызыл, бірақ аз мөлшерде қара түс те кездеседі.

Суреттер негізінен аңшылық, мал бағу, құрбандық шалу, жекпе-жек, жерлеу, құдайға табыну т.б. бейнелейді. Ғылыми зерттеу кезінде табылған ең үлкен жартастағы суреттің биіктігі 65 см, ені 48 см, онда адамның беті бейнеленген.

Бұл қазіргі уақытта Тибетте табылған ең үлкен сурет. Археологтар бұл суреттер шамамен 1800 жыл бұрын салынған болуы мүмкін деп болжайды.

Ғылыми зерттеулер солтүстік Тибет үстіртін мекендеген көшпелі халықтар басқа этникалық топтармен байланысқа түскенін дәлелдейді, дейді ғалымдар.

Дереккөз:  ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...