Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңызды«Домбыра Fest» фестивалі: Ақмола облысында 1 мыңға жуық домбыршы Құрманғазының күйлерін орындады

«Домбыра Fest» фестивалі: Ақмола облысында 1 мыңға жуық домбыршы Құрманғазының күйлерін орындады

Домбыра – қазақ елінің ғасырлар бойғы айнымас серігі, асқақ рухының айнасы. Домбыраны ұлықтау – ұлт болмысын ұлықтау.

Қазақтың бүкіл болмысы жыр мен әнде көрінді, тұрмыс-салттық дәстүрі өлеңмен бірге өрілді, қуанышы мен қайғысы күмбірлеген күй боп бірге төгілді.

Қазақ тарихының өнер әлемінде танымал Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап сынды күй қырандарының жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші-домбырашылар күні бүгін де ғасырдан ғасырға ұласқан бабалар дәстүрін жалғастыруда.

Рухани байлығымызды жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына ұлттық құндылығымызды сіңіру мақсатында Ұлттық домбыра күні белгіленді. Жер-жерде бұл ұлы дәстүрді жаңғырту жолында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.

Осы орайда Ақмола облысында Ұлттық домбыра күніне орай 1 мыңға жуық домбырашылардың Құрманғазының «Балбырауын», «Сарыарқа» күйлерін бір мезетте орындаудан «Домбыра Fest» фестивалі өтті.

Тұңғыш рет облысымыздың кәсіби домбырашылары мен қала тұрғындары бірлесіп, домбыра кейпінде керемет әуен шырқады.

Ақмола облысының мәдениет мекемелері: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы, «Көкшетау» мәдениет сарайы, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, Облыстық халық шығармашылық орталығы, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану, Көкшетау қаласы тарихы, Мәлік Ғабдуллин, Әдебиет және өнер музейлері, Тарихи мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметкерлері, Көкшетау қаласы «Достар» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары, сонымен қатар, Біржан Сал, Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бурабай, Жақсы, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласының білім және мәдениет ошақтары, Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс қатысушысы – «Шабыт» білім және шығармашылық орталығы тәрбиеленушілері, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясының курсанттары, Ақмола облыстық соты, мемлекеттік органдар, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мен қала тұрғындары ауқымды мерекелік іс-шараға белсене қатысып, ұлттық құндылығымызды дәріптеуге ат салысты.

Фестивальдің бейнетүсірілімін жүргізген «Хабар», «Көкше ТВ» телеарналары мен «Кокшевидеограм» тілшісі Алихан Қайырбекке ұйымдастырушылардың алғысы шексіз.

Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Қазағымыздың киелі домбырасы мәңгі жасай берсін!

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...