Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментіне Ақмола облысы Есіл ауданының полиция бөлімі 2018 жылы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды қате ресімдеген екі көрсетілетін қызметті алушы жүгінді.
Кейіннен құжаттарды дұрыс ресімдемеу өтініш берушілерге жинақталған қаражатты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алуға кедергі болған.
Шағымды қарау барысында өтініш берушілердің дәлелдері расталды. Шынымен, шығуды ресімдеу кезінде полиция органдары бұл туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерге енгізбеді. Осыған байланысты Департамент полиция бөліміне көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған нұсқама енгізді.
Нәтижесінде өтініш берушілердің құқықтары қалпына келтірілді: мемлекеттік ақпараттық жүйелерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу туралы мәліметтер енгізілді.