Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаТөтенше жағдайЕлорда маңындағы аймақтардың су қоймасында су сору жұмыстары жүргізілді

Елорда маңындағы аймақтардың су қоймасында су сору жұмыстары жүргізілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Елорда маңындағы өңірлерінде қардың белсенді еруі басталғаннан бері 600 мың текше метр су сорылды, бұл Айдабол су қоймасымен шамалас, құтқарушылардың, жергілікті атқарушы органдар мен әскери қызметшілердің жедел іс-қимылдарының арқасында Ақмола облысында бірде-бір тұрғын үйді су басқан жоқ, — деп хабарлайды өңірдің ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев 6 өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтіп жатқанын хабарлады. Облыста тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Елорда маңындағы өңірде су тасқыны жағдайы тұрақты, 600 мың текше метр су сорылды, 7000-нан астам инертті материалдары бар қап төселді.

Естеріңізге сала кетейік, ТЖ жағдайына өңірлерде 315 тонна ЖЖМ, 17,2 мың тонна инертті материалдар, 76,8 мың дана қаптар дайындалды. Эвакуацияланушыларды қабылдаудың 222 негізгі пункті дайындалды. Мал айдауға 625 орын және 1,2 млн. тонна жем дайындалды.

Целиноград және Аршалы аудандарының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін Департаментпен ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс полкінің жеке құрамынан 117 адам және 40 әскери қызметші жұмылдырылды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...