Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерБурабайХалыққа қызмет ету парызымыз

Халыққа қызмет ету парызымыз

Сондай-ақ, оқыңыз...

20 желтоқсанда «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілі Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы Бурабай ауданында үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесудің бірінші орны «Авиценна-Бурабай» ЖШС конференц-залы болды.

Айнагүл Қыдырбайқызы «Nur Otan» партиясының денсаулық сақтау, білім беру салаларында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Жеке-мемлекеттік серіктестіктің арқасында Щучинск қаласындағы аудандық емхана ғимаратын жөндеу, оны ең заманауи жабдықтармен жабдықтау мүмкін болғанын атап өтті. Сондай-ақ, емхананың жаңа 6 қабатты ғимараты аяқталу сатысында. Мұның барлығы Бурабай ауданының медицинасын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Жиналғандарды денсаулығында туа біткен проблемалары бар адамдарды операциядан кейін оңалтуға көмек көрсету мәселелері қызықтырды. Сондай-ақ, білім беру саласына қатысты мәселелер. Айнагүл Қыдырбайқызы олардың әрқайсысына егжей-тегжейлі жауап беріп, осы және басқа да мәселелер «Nur Otan»партиясы үшін бірінші кезекте тұрғанын атап өтті.

Екінші орын «Мейірім–Бурабай» мүгедектерді оңалту орталығы» ҚБ болды. Мұнда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырудан кейін «Бурабай ауданының мүгедектері» ҚБ төрағасы Байбуров Қанат Төлегенұлы сөз алып, оңалту орталығының құрылуы туралы, «Nur Otan» партиясының көмегінсіз осындай қажетті орталықты іске асыру өте күрделі болғанын айтты.

Мұнда оңалтудан өтіп жатқан мүгедек балалардың аналары балаларының жетістіктері туралы айтып, осында көбірек уақыт өткізгіміз келетініне назар аударды.

Кездесу соңында Айнагүл Қыдырбайқызы жиналғандарға алғысын білдіріп, осындай қиын уақытта өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарап, «Nur Otan» партиясына өз дауысын беру үшін 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлауға келу керектігін атап өтті.

«NurOtan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...