Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерБұландыХалық денсаулығы «Nur Otan» партиясының назарынан қалған емес

Халық денсаулығы «Nur Otan» партиясының назарынан қалған емес

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бұланды ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізінде медицина саласында қандай өзгерістер жоспарлануда? Ауданда халықтың денсаулығына жауапты басты салаға тиісті көңіл бөлінеді ма? Осы сауалдар тұрғысында Бұланды аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан кандидат, аудандық ауруханасының шұғыл есеп беру бөлімінің басшысы, дәрігер Анар Абдрахманова сайлаушылармен онлайн түрде байланысқа шығып, кездесу өткізді.

Өз сөзінде Анар Баянбайқызы әлемді шарпыған ауыр індет COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндіргенін баса айтып, қазіргі таңда пандемия кезінде орын алған кемшіліктерді ескере отырып, жаңа бағытта жұмыс істеуіміз керектігін атап өтті. Медицина саласындағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға жасалатын болады.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Nur Otan» партиясы келесі мәселелерді шешуге дайын: Макинск қаласының 8 дәрігерлеріне тұрғын үй сатып алу және ауылдық жерлерде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беру есебінен дәрігер тапшылығын шешу. Сонымен қатар, 2022 жылы 7 ауылда, атап айтсақ, Алтынды, Никольск, Капитоновка, Новобратское, Журавлевка, Тоқтамыс, Қараөзек ауылдарында, дәріхана пункттерін ашу.

Аудандағы денсаулық сақтау саласынының осал жерлерінің бірі – ауданның медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасының ойдағыдай деңңгейде қамтамасыз етілмеуі. Осы мәселені қолға алып, алдағы уақытта материалдық базаны нығайтып, дәлерек айтқанда, арнайы медициналық аппараттар, компьютерлік томограф, оттегі концентраторлары және тағы да басқа керекті жабдықтар алу арқылы, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру.

Партияның бастамасымен бүгінгі таңда «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында медициналық ұйымдарда және дәріхана желісінде халықты, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын, дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыс қарқынды жүргізіліп келеді.

Саулаушылардың барлық сұрақтарына жауап қайтарып, кері байланыс түрінде сұхбат құрған Анар Баянбайқызы алдымыздағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

— Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші – бәрімізді ортақтастырып, бір бағытта қарауға мүмікіндік беріп отырған «Nur Otan» партиясына барынша қолдау көрсету – сенімді болашақтың кепілі. «Nur Otan» — нақты міндеттер мен маңызды істер партиясы! Біз біргеміз! – деген насихаттау сөздерді ата келе, Анар Абдрахманова кездесу соңында сайлаушыларына белсенділік танытып жүргендігі үшін алғысын білдірді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...