Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерҚорғалжынҚиындықты еңсерген, жақсылықтардың жаршысы «Nur Otan» партиясы

Қиындықты еңсерген, жақсылықтардың жаршысы «Nur Otan» партиясы

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan»  еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан бастапқы партия. Бұл партияның алдына қойған мақсат-мұраттарының көпшілік дені жүзеге асып келеді. Мұнысына бұқара халық қашаннан куә. Сол секілді  Қорғалжын ауданы «Nur Otan» партиясының  облыстық мәслихатқа кандидаты Жұмабаев Әділ Қайратұлы бастауыш партия ұйымдары,  ауыл тұрғындары және «Ақжол 2030» ЖШС еңбек ұжымымен үгіт-насихат жұмыстарын өткізген болатын.

Әділ Қайратұлы өзінің бар ынта-жігерімен жұмысқа кірісіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жоғары деңгейде орындауға тырысатының алға тартты. Әділ Жұмабаев партиялық жоспарлы бағдарламаның жеті басым бағыты бойынша жұмыс атқарып келеді. 2014 жылдан бері партия құрамына кірген жас кәсіпкер бұл партияның сөзбен ғана емес, іспен талайды дәлелдейтініне көзім жетті дейді.

Мәселен, Қорғалжын ауданының экономикалық жағынан тұрақтандыру, ондағы шағын және орта бизнесті дамыту. Мысалы, кандидат Әділ Жұмабаев өзі де жас кәсіпкер, оның мақсаты ол өз туған жері Сабынды ауылынан «Aвтожанармайқұю» станциясын ашқан кезде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жол торабынан өткен көліктердің жанармайға деген сұранысын толтыру болатын. Себебі, Нұр-Сұлтан  қаласы мен Қорғалжын ауылы арасында мұндай станциялар саны шектеулі болды.

Сонымен қатар Әділ Қайратұлы техникалық логистика, мал шаруашылығы және шөп өндірісі сынды бағыттарда еңбек етеді. Сол сияқты партия бағдарламасының тек бір бағытында емес, барлық тұсын қамтып отыр.

Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясының басты бағдарларының бірі экономиканың басым салаларын, яғни өнеркәсіп, АӨК, құрылысты және туризмды дамыту болып табылады. Онымен қоса аудан халқын лайықты жалақымен қамтасыз ету. Ол үшін Қорғалжында ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорттық потенциалын арттыруды көздейтін партия мақсатын жүзеге асыруды өзіне міндет етіп отыр. Егер мұның барлығы жасалатын болса, қарапайым халықтық әлеуеті артып, әлеуметі түзеледі дейді жас кандидат өз сөзінде.

Сөз соңында Әділ Қайратұлы барша халықты «Nur Otan» партиясына дауыс беруге және биік мақсаттарға бірге ұмтылуға шақырды.

Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясының қорынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...