Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауХалықтың әл-ауқатын жақсартамыз!

Халықтың әл-ауқатын жақсартамыз!

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық филиалының саяси партиядан облыстық және қалалық мәслихатқа кандидаттар Орталық базар аумағында жеке кәсіп иелерімен және жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Өздерінің сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыт – халықтың әл-ауқатын арттыру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету екенін алға тартқан үміткерлер халықты дұрыс таңдау жасауға шақырды.

 Қалалық мәслихат депуттағына кандидаттар «Жолаушылар тасымалы ассоциациясы» ҚЗТ төрағасы Рүстем Қалышев пен «Ақмола облысы кәсіпкерлер ассоциациясы» АҚБ төрағасы Мәриям Әбішевалар нақты істердің басы-қасында жүріп, халықтың жағдайын назарда ұстап отырған «Nur Otan» партиясына дауыс беру арқылы көп мәселені шешуге болады деді. Себебі, басына іс түскен кез келген азамат алдымен осы саяси партияның көмегіне жүгінеді. Көп жағдайда олардың мәселесі шешіліп, оң нәтижеге қол жеткізіліп келеді.

Алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында жұмыс істей бермек. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС директоры Асен Жақсылықов, «Той Дастархан» ЖШС жетекшісі Елена Мащинскаялар тоқырау жылдары жеке кәсіп иелерінің басынан кешкен қиындықтарына тоқталып, қазіргі уақытта оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау-көмек жайлы айтты. Қарапайым халықтың жеке кәсібін ашып, жағдайын түзеуіне барлық жағдайлар жасалып жатыр. Тек нақты іске көшу керек. Кандидаттарға сауалдарын жолдаған жұртшылық өздерін толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, шешім табуын сұрады.

                         «Nur  Otan»  партиясының Көкшетау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...