Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерҚорғалжын«Nur Otan» партиясы Халықпен Бірге!

«Nur Otan» партиясы Халықпен Бірге!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қорғалжын аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан түсіп отырған кандидаттар Досанбаев Бекет Анарбайұлы мен Зулханов Абылайхан Жантеке ауылының тұрғындарымен онлайн байланысқа шығып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді айқындай отыра, әр қайсысы өз салаларына тоқталып өтті.

Мәселен, Бекет Добсанбаев өзі кәсіпкер ретінде іс-тәжірибесімен  бөлісіп, партия жоспарында шағын және орта бизнесті қолдау үшін 3,3 млн. теңге 6 жаңа бизнес-жобаға грант қарастырылғанын айтты. Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберіндегі жобаларға 552,5 млн.теңге бөлінген және бұл 1750 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деді. Бекет Досанбаев Жантеке ауылының тұрғындарын біршама бөлігін жұмыспен қамтып отыр. 50-60 қа жуық техникасы бар шаруашылықта 60 адам еңбек етеді. Сонымен қатар кандидат  «Nur Otan» партиясының халыққа жан ашырлығын айшықтай отыра, тек мал шаруашылығы бойынша емес, ауылдың басқа да әлеуметтік жағдайларын ескеріп, қарастыратының айтты. Мысалы, ауылдардың таза ауыз сумен қамтылуы туралы, нақтысын айтқанда бүгінде Қорғалжын ауданында 18 ауылдық елді мекеннің 10-ы орталықтандырылған сумен, 6-ы суды тазарту үшін сүзгісі бар ұңғымалардан қамтамасыз етілген. Осының барлығы «Nur Otan» партиясының мұрындық болуымен шешімін тауып отырған мәселелер.

Сонымен қатар, кездесуде болған тағы бір кандидат Зулханов Абылайхан жас та болса өз тәжірибесінен «Nur Otan» партиясының Халықпен көзбе-көз, иыққа-иық жұмыс атқаратының және әрқашанда «Nur Otan» партиясына сеніммен қарап, барын салып еңбек ететінін айтты. Зулханов Абылайханның өз сөзінде ««Nur Otan»  партиясы бұқара халықпен тек сөзбен ғана емес, іспен де талай жылдар дәлелдеп келе жатқаның қадап айтты. Аудандық пошта торабының басшысы қызметінде отырған Абылай Зулханов пошта ғимаратын жөндеу жұмыстарына толыққанды кірісіп жатыр. Жас кандидаттың партияға деген сенімі үлкен. Ол «Nur Otan» партиясының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық желілерін жөндейміз және экологиялық жағдайды жақсарту бағдарламасына ат салысып, партиялық бағдарламаларды жүзеге асыруда.

Кандидаттар өздерінің қызмет саласында әрдайым «Nur Otan» партиясының қолдауын көріп, жұмысына куә болып келгендері жайлы түсіндіріп берді. Онлайн кездесу соңында кандидаттар монитордын арғы жағындағы ауыл халқын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Және «Nur Otan» партиясы қашан да халықпен бірге, елмен бірге екенің қоса айтып кетті.

«Nur Otan» партиясының Қорғалжын ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді. c0u�+

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...