Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықЭкология саласы Ақмола облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген

Экология саласы Ақмола облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде экология саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау бойынша кездесу өтті.

Талқылауға өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы, табиғатты қорғау прокуроры, облыстық Қоғамдық кеңестің, «Әділдік жолы» РҚБ филиалының өкілдері, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, сондай-ақ өңірдің мүдделі мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының басшылығы қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға еліміздің әрбір өңірі үшін әзірленген және Антикордың аумақтық департаменттері жұмысының бағдарына айналған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы таныстырылды.

Картада процестердің ашықтығының болмауы, әкімшілік кедергілердің, заңнамалық олқылықтардың, шенеуніктердің бөгеттерінің болуы себептері бойынша шешілмейтін өзекті мәселелер көрсетілген. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық схемалары мен әртүрлі заңсыз әрекеттердің мүмкіндіктері пайда болады.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың алдына басты міндет – ел азаматтарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Бұл тұрғыда, ең алдымен, азаматтардың біздің жұмысымыздан қанағаттануына және халықтың әлеуметтік маңызды проблемаларын шешуге бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа тәсілдері әзірленді. Өңірдің қоршаған ортасын ластау көлемін жасыру мәселесі назар аударуды талап етеді. Бұл мәселе бүгін жұртшылықпен бірлесіп Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру шеңберінде қарастырылуда», – деді облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Арман Рахимов.

Кеңесте Ақмола өңірінің барлық аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және ҚТҚ полигондарын пайдалану мәселесі айтылды. Экология департаменті басшылығының айтуынша, 535 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды, олардың 60%-ы жойылды, алайда бүгінгі күні бұл мәселе бірқатар себептерге байланысты шешілмеген күйінде қалып отыр.

Жұртшылық өкілдері полигондардың жай-күйі халықтың экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына тікелей әсер ететініне назар аударды, сондықтан мемлекеттік органдар қоқысты қайта өңдеу және ҚТҚ полигондарының қызметін ұйымдастыру бойынша тиімді шаралар қабылдауы қажет.

Кездесу соңында қатысушылар пікір және ұсыныстармен алмасып, проблемалық мәселені шешу бойынша кейбір ұсыныстар жасады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...