spot_img
spot_img
10.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыЮрий Ильин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды

Юрий Ильин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды

-Жарнама -spot_img

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында болып, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен бірге Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультеті курсанттарының оқу бітіру салтанатты рәсіміне қатысты.

137 жас офицер Қазақстан ТЖМ қатарына қосылды.

Іс-шара түлектердің туыстарының, азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің, құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Юрий Ильин өзінің құттықтау сөзінде жас лейтенанттарды оқуды сәтті аяқтауымен, алғашқы офицерлік атақты алуымен құттықтап, рухын көтеріп, батырлық танытуды және Отан қорғаушы атағына лайық болуды тіледі.

Өз кезегінде Ермек Маржықпаев ұзақ жылдар бойы өңірдің еліміз және шетелдік жоғары оқу орындары үшін де азаматтық қорғау кадрларын даярлайтынын атап өтті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер қоштасу офицерлік вальсін орындады және соңғы рет жас лейтенанттар жалпы курсанттық құрамда салтанатты шеру жасады.

Барлық түлектер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне бөлінді.

Жоғары оқу орны 25 жыл ішінде 5000-нан астам маман дайындады, азаматтық қорғау органдарының көптеген қызметкерлері біліктілігін арттырудан өтті.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Юрий Ильин Академия мен Ақмола облысы ТЖД қажеттіліктері үшін инфрақұрылымдық объектілер құрылысының жобаларымен танысты.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img